Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күні

01 Желтоқсан 2020

1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні. Осы дата арқылы өскелең ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып,оның ел болып қалыптасу жолында,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосады.Сондықтан аталмыш мерекенің Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс болып табылады.

Бұл мереке елімізде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.Осы шарадан Қарағанды медицина университеті  де құр қалмады.Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының асисстент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызының ұйымдастыруымен, «Жалпы медицина» факультетінің 1курс студенттеріне Тұңғыш Президент музейіне онлайн-экскурсия жүргізілді. Онлайн-экскурсияға студенттер қауымы ризашылығын білдірді.

 Қазіргі қалыптасып отырған қиыншылықтарға қарамастан,кафедра оқытушылары білім беріп қана қоймай,тәрбие жұмысын да қоса жүргізіп,мол мүмкіндіктер жасап жатқаны ерекше қуантады деп бір ауыздан пікір білдірді. «Елбасын ұлықтап,Отандық тарихтағы жарқын тұлғалардың өмір жолдарын көрсетіп жатсыздар. Үлкен рақмет, Камшат Жақсылыққызы»,-деп жазды ЖМ 1курс студенті М.Құрмангалиева. «Ақпаратты оқу бір бөлек, көзбен көру мүлдем бөлек екен! Өте қызықты, ерекше әсер алдық»,-деп жазды А.Ахметова . Тәуелсіз Қазақстанның  абыройы арта берсін. Жастарымыз білімді,мәдениетті болып елінің адал перзенттері болсын. Мереке құтты болсын!


0
1566

пікірлер

пікір қалдыру үшін.