Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Философия курсының соңындағы вебинар

Философия курсының соңындағы вебинар

15 Желтоқсан 2020

2020 жылдың 12 желтоқсанында Қарағанды ​​медициналық университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы «Рухани жағыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Халықаралық Медицина факультетінің студенттері үшін «Қазақстан мен Үндістанның мәдени диалогы» халықаралық қатысуымен вебинар өткізілді.

Бағдарламаға  Халықаралық медицина факультетінің 2 курс студенттері, сонымен қатар осы факультеттің түлектері қатысты. Спикер ретінде Швейцариядан, Ресейден және Үндістаннан студенттер мен оқытушылар шақырылды. Бұл вебинардың құрметті қонақтары - Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Халықаралық медицина факультетінің 2 және 4 курстарының оқытушылары мен студенттері болды. 

Бұл іс-шараға айтарлықтай қызығушылық пен белсенділік танытты. Вебинарда Қазақстан мен Үндістанның мәдени-философиялық мұралары, олардың қазіргі өркениет үшін өзектілігі талқыланды, жалпы этикалық және рухани құндылықтар салыстырылды. Конференция ағылшын тілінде өтті. Тыңдаушылар біздің елдеріміздің рухани мұрасы және оның болашақ ұрпақ үшін маңызы туралы көптеген пайдалы ақпаратты атап өтті және кері байланыста осындай іс-шараларға қатысуға деген үлкен тілектерін білдірді. Спикерлер мен вебинардың белсенді қатысушыларына сертификаттар табысталды.


0
1706

пікірлер

пікір қалдыру үшін.