Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бітіруші курс магистранттарымен кездесу

Бітіруші курс магистранттарымен кездесу

20 Қаңтар 2021

Медицина мектебі зерттеу мектебімен бірлесіп бітіруші курс магистранттарымен кездесу ұйымдастырды, кездесуге одан әрі докторантураға түсуге қызығушылық білдірген резиденттер де қатысты.  

Зерттеу мектебінің деканы Едильбаева Танзира Токтархановна отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде, денсаулық сақтау саласының даму тенденциялары мен заманауи әлемнің ерекшеліктерін атап өтіп, магистранттарды қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, докторантурада оқу мен ғылыми зерттеулерді жалғастыруға шақырды.

Декан өз сөзінде докторантураға түсу ережелері мен кезеңдері, диссертациялық зерттеулерді орындау принциптері, докторанттардың ғылыми жетекшілеріне қойылатын талаптар және әлеуетті жетекшілер тізімін жыл сайын жаңарту, халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау, алдын ала қорғау және диссертациялық кеңесте қорғау туралы айтып берді.

Қатысушыларға толығырақ танысу үшін құжаттар мен ақпараттар ұсынылды. Құжаттармен сілтеме бойынша танысуға болады https://teams.microsoft.com/l/channel/19%3af6cc127de18c40d787ff6e8769f6bc7a%40thread.tacv2/%25D0%259E%25D0%25B1%25D1%2589%25D0%25B8%25D0%25B9?groupId=825bd5d6-051d-4b79-8efe-4f64224b3a89&tenantId=89056970-32af-4718-ae06-193ab2a88ab4, файлдар бөлімі.

 Сондай-ақ, зерттеу мектебінің деканы ғылыми-зерттеу орталығына назар аударып, гранттық жобаларға, республикалық және халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу тәжірибесі мол орталықтың ғылыми қызметкерлерімен өзара әрекеттесу жеке жоспарларды сапалы орындауға көмектесетінін айтты.


0
1603

пікірлер

пікір қалдыру үшін.