Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың ҚМУ студенттерімен кездесуі

Қазақстандық жазушы Жан Ақжановтың ҚМУ студенттерімен кездесуі

15 Ақпан 2021

2020 жылы 10 ақпанда Қарағанды медицина университетінде әйгілі қазақстандық  жазушы Жан Ақжановтың  университеттің студенттерімен кездесуі өткізілді. Іс-шара Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы А.А. Унгарбаеваның жазушының шығармашылық жолы туралы айтылған сөзімен басталды. Ж. Ақжанов «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі Күнің», «Путь врача», «Степь и судьба», «Аспаннан құлаған тастар» кітаптарының авторы болып табылады. Жан Мұхарабұлының  шығармашылығындағы кейіпкерлерінің өмірлік жағдайы оқушыларға жақын және түсінікті, әр азаматтың уайымын, сонымен қатар Қазақстан халқының даналығын насихаттап, рухани-мәдени әлеуметтік бағыттағы сұрақтарды толық қамтиды. Жан Ақжанов өзінің сөзін медицина жанрын таңдауға себепші болған шығармалары туралы әңгімеледі. Жазушы өзінің шығармаларында медицина мекемелеріндегі ұйымдастырушы жұмыстарын құратын, өзгенің өміріне жауапты, үнемі болатын эмоционалды және физикалық ауыртпашылық, кәсіби адалдық, медицина қызметкерлеріне адамдардың қарым-қатынасы секілді тақырыптарды қозғайды. Автор қазіргі замандағы өте өзекті, әрбір қадамда кездестін, коррупця - бұл осы әлемдегі сатып алынатын және сатылатын, әлемді экономикалық тежейтін құбылыс туралы баса назар аударды. Жазушының ойы бойынша, заманауи жастар компьютер және телефонға бөлген көп уақытты,  адамгершілік қасиеттер мен адамгершілік-этикалық мінез-құлықты тәрбиелеу туралы көркем әдебиетті оқуға бөлсе жемқорларды мейілінше азайтуға болады. Сондай-ақ,  Жан Акжанов адалдық пен парасаттылық  қағидаттарын қалыптастыру жөніндегі идеяларымен бөлісті.

Публицист өзінің таңдаған кәсіпке деген сүйіспеншілігі  науқастардың өміріне байланысты болған соң, медициналық көмек көрсетудегі адалдықтың көрінісі туралы жазылған «Путь врача» кітабына ерекше назар аударды. Ең бастысы, бұл жоғары моральдық-этикалық қасиеттер, оларсыз дәрігер дәрігер болмайды.

Кездесудің қатысушылары белсенді түрде сұрақтарын қойды, тұшымды жауаптар алды. Жазушы студенттерді өздерінің мақсаттарына білімді бола отырып,  Отанының игілігі үшін жұмыс істей отырып жетуге шақырды.

Кездесудің соңында кездесудің модераторы,  «Жыр-Жауһар» суденттік-авторлық клубының жетекшісі Әбілжанов Дарын құрметті қонаққа шығармашылығына жетістік тілеп алғысын білдірді.

Өз кезегінде университет атынан Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы А.А. Унгарбаева жазушы Жан Ақжановқа және барлық қатысушыларға өте қызықты және мағыналы диалог үшін алғыс айтты.

Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім


0
1592

пікірлер

пікір қалдыру үшін.