Оқытудың инновациялық технологияларын тарату
17 Ақпан 2021
ERASMUS + «TAME» жобасының нәтижелері туралы кеңінен
ақпараттандыру мақсатында 2021 жылдың 1 ақпанынан 12 ақпаны аралығында Қарағанды медициналық
университеті Ресейдің медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларына (Мәскеу,
Санкт-Петербург, Қазан) Грузия (Батуми), сонымен қатар КеАҚ «Семей медициналық
университеті», КеАҚ «Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті», «Ұлттық
нейрохирургиялық орталық» АҚ (Нұр-Сұлтан) 25 адамға «Кейс арқылы оқыту білім
беру стратегиясы» циклі бойынша тренингі өткізілді.
Тренингті аяқтағаннан кейін тыңдаушылар дәріскерлердің жауапкершілігіне, материалдардың қол жетімділігіне және үнемі олармен кері байланыс орнатқандары үшін үлкен ризашылықтарын білдірді.
СББТО маманы, Бейсембекова Айгерім
0
1524
пікірлер
пікір қалдыру үшін.