Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қазақстандық білім беру саяхаты кеңесінің» мәдени алмасу бағдарламалары

«Қазақстандық білім беру саяхаты кеңесінің» мәдени алмасу бағдарламалары

01 Наурыз 2021

2021 жылдың 23 ақпанында Қарағанды медицина университеті оқытушыларының Республикалық «Білім беру саяхаты бойынша Қазақстандық кеңес» халықаралық алмасу агенттігінің директоры (қысқаша КСЕТ) - Елена Шабаловская ханыммен онлайн кездесуі өтті.

Өткен аптада KCET Қарағанды медицина университетінің студенттері үшін онлайн-презентация өткізді, онда академиялық оқу жылы мен жазғы демалыс кезеңінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Франция, Германия, Жаңа Зеландия, Мальта және басқа елдермен мәдени алмасу бағдарламалары ұсынылды.

Сонда-ақ, кездесу барысында KCET-тің ұсынатын қызметтері туралы ақпарат айтылды. Оның ішінде ағылшын тілін үйрету курстары, іс қағаздары, түрлі бонустық карталар бар.

Бұл ақпарат 55 жасқа дейінгі мұғалімдерге қатысты болды. Соңында KCET өкілдері консультациялар беруге және жаңа ұсыныстармен хабардар ету үшін байланыс нөмірлерін қалдырды.


0
1736

пікірлер

пікір қалдыру үшін.