Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Коммуникативті дағдыларды дамытудағы жаңа көзқарастар

Коммуникативті дағдыларды дамытудағы жаңа көзқарастар

27 Наурыз 2021

2021 жыл " FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication (FOR 21) /"XXI ғасыр дәрігерінің дамуына жәрдемдесу: пациентке бағытталған коммуникативті  дағдыларға үйрету" атты жаңа халықаралық жобаның басталуынан басталды.

    Бұл жоба 3 Еуропалық университеті мен ТМД елдерінің 6 университетін біріктірді:

- Aristotle University  of  Thessaloniki (Грекия)

- University of  Leeds (Ұлыбритания)

- University of  Oulu (Финляндия),

- И. И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университеті (Санкт-Петербург)

 - Тюмень мемлекеттік медицина университеті (Тюмень)

- КеАҚ «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» (Алматы) 

- КеАҚ "Қарағанды медицина университеті" (Қарағанды)

- Самарқанд мемлекеттік медицина институты (Самарқанд)

- Ташкент медициналық академиясы (Ташкент). 

      Осы жобаға грант ұсынушы Оңтүстік Еуропаның жетекші университетінің бірі - Салоникидегі Аристотель университеті (AUTH) болып табылады.  AUTH медициналық білім беруде оқытудың жаңа және инновациялық әдістерін енгізу үшін білім берудегі өзгеріп отыратын парадигмалар мен озық технологияларды зерттеуге баса назар аударумен қатар, университет халықаралық жобаларға, соның ішінде Erasmus + - ке қатысу бойынша көп жылдық табысты тәжірибеге ие. Грант беруші ретінде Аристотель университеті дәрігер мен пациент арасындағы байланысты жақсарту және алдыңғы қатарлы орталықтар желісін құру үшін, атап айтсақ: 

a)серіктестердің медициналық оқу бағдарламаларын ынталандыру,

ә) коммуникацияға үйретуде жаңа технологияларды жаңарту және енгізу бойынша коммуникативті құзіреттілік пен әлеуметтік жауапкершілікті дамытуда өз тәжірибесін ұсына отырып өз үлестерін қосады.

     Жобаны ұлттық және халықаралық гранттарды басқаруда он жылдық тәжірибесі бар медициналық білім берудің жетекшілері, профессор Панайоитис Бамидис (Греция) мен профессор Терри Пултон (Ұлыбритания) жүзеге асырады.

     FOR21 жобасының басты мақсаты - дәрігер мен пациент арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған коммуникативті құзыреттіліктер мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру бойынша білім беру стратегиялары мен оқу бағдарламаларын жасауға үлес қосу. Халықаралық консорциум медициналық ЖОО студенттерінің коммуникативті дағдыларын сапалы дамыту үшін оқытудың озық әдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   FOR21 жобасы аясында  серіктес елдерде халықаралық озық тәжірибені қолдау және дамыту үшін, сондай-ақ пациенттерге бағытталған коммуникативтік дағдыларды оқыту бағдарламаларын әзірлеу үшін коммуникативтік құзыретті дамыту орталықтары құрылады. Келесі үш жыл ішінде консорциум медицинада оқитын студенттерді қауіпсіз және сенімді ортада, оларды шынайы клиникалық практикаға дайындау үшін пациенттермен тиімді қарым-қатынас дағдыларына үйрету бойынша «виртуалды» және «стандартталған пациенттерді» қолданудың клиникалық сценарийлерінің қорын жасайды.

Жобаның нәтижелерімен КеАҚ «ҚМУ» сайтынан көре аласыздар:

http://erasmus.kgmu.kz/?page_id=1470


0
1868

пікірлер

пікір қалдыру үшін.