Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Анатомиялық мұражайға онлайн-саяхат»

Анатомиялық мұражайға онлайн-саяхат»

27 Наурыз 2021

Наурыз айының  15-16 жұлдыздарында  морфология және физиология кафедрасының ассистент профессорлары  Р.Т.Карибжанова, Г.Б.Шапатова «Жалпы медицина» мамандығының І курс студенттерімен Қарағанды Медицина университетінің  анатомиялық мұражайына онлайн-саяхат жасады.

  Студенттер анатомияны қашықтықтан оқып анатомиялық препараттармен және мәйітпен тығыз жұмыс істей алмағандықтан, онлайн-саяхат оларды мұражайдың экспонаттарымен таныстыруға және қашықтықтан алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді. Әр анатомиялық препаратқа және пластинатталған мәйітке жекелей тоқтала отырып, жан-жақты мәлімет берілді.

  Онлайн- саяхатқа студенттер аса  қызығушылық білдірді. Оның барысында  білім алушылармен  кері байланыс орнатылды. 


0
490

пікірлер

пікір қалдыру үшін.