Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Күш атасы- Қажымұқан

Күш атасы- Қажымұқан

09 Сәуір 2021

Рухани жаңғырудың кезекті бір шарты - тарихқа тағзым. Ұлыларды ұлықтау. 7 сәуір 2021ж Түркі және Азия халықтарынан шыққан тұңғыш палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150жылдық мерей тойы. Президенттің тікелей нұсқауымен ел тарихындағы айтулы,мерейлі даталарды атап өту-азаматтық парызымыз. Өскелең ұрпаққа көрсетер өнегелі тәрбие екені даусыз.

Қажымұқан сиякты кесек тұлғаның өмір жолын, ұстанымын, ел тарихына қосқан қомақты ерен еңбегін, жеткен жетістіктерін студент жастарға насихаттап, таныстыру мақсатында Қарағанды Медицина Университеті, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының жетекшілігімен 1курс ТПФ мамандығының студенттеріне арнайы кураторлық сағат ұйымдастырылды. Студенттер үшін Қажымұқан Мұңайтпасовтың мұражайына онлайн-экскурсия өткізіп, жарқын тұлғаның өмір жолдары талқыланды. Болашаққа жарқын жол -тарихтан тағылым алу.


0
1706

пікірлер

пікір қалдыру үшін.