Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жазғы старттар

Жазғы старттар

06 Қыркүйек 2021

2021 жылдың жазғы кезеңінде кәсіпқойлар мен жеңіл атлетиканы сүйетіндер үшін түрлі республикалық жарыстар өтті. Біздің студент Овцынов Павел (3-030 ЖМ) оларға белсенді қатысты.

Павлодар қаласында "Freedom race" 10 км қашықтыққа жүгіру өткізілді, оған негізінен Павлодар облысы, Нұр-Сұлтан, Семей қалаларының өкілдері қатысты. Осы кезеңде онлайн-режимде дуатлоннан (жүгіру + веложарыс) чемпионат өтті. Баянауылда дінші Мұсабек Панабекұлын еске алуға арналған кросс жарысы өтті. Павлодар қаласында бір сағаттық жүгіруден қала чемпионаты өтті.

Жоғарыда аталған барлық сайыстарда біздің марафоншы Павел Овцынов даусыз жеңімпаз атанды. Павелді керемет нәтижелерімен құттықтаймыз және денсаулық пен сәттілік тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


0
1479

пікірлер

пікір қалдыру үшін.