Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ресейлік әріптестер үшін "тиімді оқытушы" тренингі

Ресейлік әріптестер үшін "тиімді оқытушы" тренингі

02 Қараша 2021

2021 жылғы 25-29 қазан аралығында «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы «Тиімді оқытушы» (базалық курс) тақырыбында ПОҚ педагогикалық біліктілігін арттыру циклін өткізді. Цикл тыңдаушылары Курск мемлекеттік медицина университетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды. Оқыту "Webex" платформасында қашықтықтан өтті. Біліктілікті арттыруды академиялық жұмыс жөніндегі проректор, медициналық білім берудің халықаралық магистрі, Маастрихт университетінің (Нидерланды) түлегі Риклефс Виктор Петрович, СББТО меңгерушісі, Халықаралық медициналық университеттің (Малайзия) «Болашақ» бағдарламасы бойынша түлегі Кемелова Гульшат Сейтмуратовна жүргізді. 

Оқыту бағдарламасы шеңберінде сабақ беру мен оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану, бағалаудың объективті әдістерін пайдалану және студенттерді оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге ынталандыру мақсатында сындарлы кері байланыс беру туралы ақпарат ұсынылды. Күнделікті кездесулер кезінде тыңдаушылардан көптеген сұрақтар болды. Курс соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, педагогикалық біліктілікті арттыру циклінің өзектілігін атап өтті.


0
1455

пікірлер

пікір қалдыру үшін.