Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Әріптестермен тәжірибе алмасу

Әріптестермен тәжірибе алмасу

02 Қараша 2021

2021 жылдың 25-29 қазан аралығында «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялар  орталығында  «Клиникалық құзыреттілікті дамыту үшін оқу бағдарламасында симуляциялық технологияларды пайдалану» атты оқыту семинары өткізілді.

 Тыңдаушылар  «Семей медицина университеті»  КеАҚ қызметкерлері болып, семинар күндізгі форматта өтті. Біліктілікті арттыруды симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының қызметкерлері Д. Б. Аимбетова,  Ж. С. Исатаева, А.О. Камарова және Д. М. Исатаев жүргізді.

Оқыту бағдарламасы шеңберінде оқу процесінде симуляциялық оқытуды ұйымдастыру және қолдану әдістемелері, ОҚКЕ түрінде бағалаудың қазіргі заманғы әдістерін әзірлеу және өткізу туралы ақпарат ұсынылды.

Оқыту соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, клиникалық құзыреттілікті дамыту үшін оқу бағдарламасында симуляциялық технологияларды дамытуға  қажетті тақырыптардың өзектілігін атап өтті.


0
1371

пікірлер

пікір қалдыру үшін.