Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық сақтау жүйесі тиімділігінің индикаторлары туралы

Денсаулық сақтау жүйесі тиімділігінің индикаторлары туралы

17 Қараша 2021

«Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау және әсерін талдау технологиялары.Халықаралық деңгейде салыстырмалы талдау." жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау жүйесінің (ДСЖ) тиімділігін өлшеу әдістері бойынша 2021 жылғы 10-12 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған 3 семинар-тренингтің 1-ші семинары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – денсаулық сақтау мамандары арасында денсаулық сақтау жүйесі тиімділігін бағалау тәсілдерін тарату және оларды осы жобаға тарту. «ҚМУ» КеАҚ атынан Жакенова Сәуле, Жамантаев Олжас (Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебі) және Бобырев Семен (Қарағанды медициналық университетінің клиникасы) қатысты.

Бірінші кезеңде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерімен танысу болды.  Жоба үйлестірушілері Ляззат Кошербаева, Айжан Самамбаева және Мария Лопес күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жалпы және ана өлімі сияқты дәстүрлі көрсеткіштерді пайдаланудан бас тартып, емделуге болатын және алдын алуға болатын өлім көрсеткіштеріне назар аударуды ұсынды. Осы ретте бұл терминдердің Қазақстан Республикасында және әлемде түсіндірілуі мен қолданылуы туралы қызу пікірталас болды. Кластерлік талдаудың көмегімен жобаға қатысушылар әлемнің әртүрлі елдерінің денсаулық сақтау жүйелерінің осы көрсеткіштер бойынша ұқсас/әртүрлі екенін мысалдармен көрсетті. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары денсаулық сақтау жүйелерін қарқынды көрсеткіштер бойынша дұрыс салыстыру үшін алдымен бұл көрсеткіштерді стандарттау қажет екенін еске салады.

"Шығындар-шығарылым" матрицасының көмегімен ел экономикасының түрлі секторларының өзара әсері қарастырылды.Мысалы, егер ҚР-да денсаулық сақтау саласы гипотетикалық түрде жоғалып кетсе, онда экономиканың жылдық шығындары 23% - ды құрайды, ал кейінгі жылдары бұл көрсеткіш тек арта түседі... 

Семинардың келесі кезеңі 2022 жылы өтеді. Онда ҚР Денсаулық сақтау жүйесінің ел экономикасына қосқан үлесін және тұтастай ел бойынша және жекелеген өңірлер бойынша денсаулық сақтау жүйелерінің ішіндегі элементтердің/факторлардың маңыздылығын қалай бағалау керектігі егжей-тегжейлі талданатын болады.


0
1618

пікірлер

пікір қалдыру үшін.