Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мерейтойға арналған кездесу

Мерейтойға арналған кездесу

30 Қараша 2021

2021 жылдың 26 қараша күні  Мейіргерлік білім беру мектебінде куратор Омашева Жанар Мағауияқызының, 201 КЛД, 202 КЛД, 101 КОМ, 102 КОМ топ  басшыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараға деканның әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Айман Игілікқызы Оңғарбаева, қауіпсіздік қызметінің басшысы Мұхтар Қалиұлы Қалиев, мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушылары Айжан Жеңісқызы Байжанова, Кулбан Нығметқызы Жумакаева, Орынбала Жақсылыққызы Сабекова қатысты.

 Іс-шараның жүргізушілері 201 КЛД білім алушысы Нұрлан Тоқжан, 202 КЛД  білім алушысы Ерғажы Жанболат іс-шараға қатысушыларды таныстырды:

Сахнада 202 КЛД білім алушылары - Мырзақұл Әсем, Ерғажы Жанболат, Нарханов Диаз, 102 КОМ - Қожанияз Абат, Серғазы Дархан, Сайлаубек Нұрбек, Амангелді Бексұлтан, Жандосов Бексұлтан «Қазақ хандығының құрылуы» қойылымына қатысты.

Көбеева Аида (202 КЛД), Төлекбай Әйгерім (101 КОМ) патриотизм туралы өз жүректерінен шыққан туындыларын ұсынды. Жандосов Бексұлтан (102 КОМ) домбырада күйлерді шебер орындады. Студент Алиева Далида (101 КОМ) 3 бөлімнен тұратын викторинаны қызықты және көңілді ұйымдастырды: Қазақстан тарихын білуге арналған сұрақтар; Отандық фильмдерді білуге арналған суреттері бар логикалық тапсырмалар; күйлерді тыңдау және олардың аттарын анықтау бойынша музыкалық конкурс.

Абдуалиева Жайна (202 КЛД), Оспанов Біржан (201 КЛД), Имангалиева Сая (202 КЛД), Серғазы Дархан (102 КОМ) жұптары вальс биін әдемі биледі.

Іс-шара әнмен және белсенді қатысушыларға сыйлықтар берумен аяқталды.

«Студенттік шақ - бұл жастық шақтың ең жақсы жылдары. Сіздердің жетістіктеріңізді, шығармашылық қабілеттеріңізді көруге біз әрқашан қуаныштымыз. Диплом алғаннан кейін Сіздердің үздік маман болып, қоғам жанашыры атанатын Отанымыздың лайықты азаматтары болатындарыңызға  кәміл сенеміз» - деп атап өтті Мұхтар Қалиұлы.

Деканның әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары А.И. Оңғарбаева


0
1684

пікірлер

пікір қалдыру үшін.