Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі

Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі

08 Желтоқсан 2021

2021 жылдың 30 қарашасында  «Қарағанды медицина университеті»  КеАҚ студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен «Ғылыми үйірмелер жәрмеңкесі» іс-шарасы өтті. 

Бұл іс-шараға университетіміздің көптеген кафедралары мен мектептерінің үйірмелері белсенді қатысты. Оның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің, Эпидемиология модулінің студенттік үйірмесі де өз үлесін қоса білді.

«Эпидемиология» модулінің студенттік үйірмесінің ғылыми жетекшісі профессор ассистенті Әбуова Ғазиза Темірәліқызы, үйірменінің белсенділері  Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 3 курс студенттері Ұ. Ермеков, Г. Мұхитбек және А. Саматқызы  үйірме жетістіктерімен таныстырып,  әлемде және Қазақстан Республикасындағы COVID-19-дың алдын алу және вакцинациялау шаралары туралы, сондай-ақ обаға қарсы костюмді кию және шешу тәртібін көрсетті. Үйірме жұмысы әділ қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, 2-дәрежелі дипломмен марапатталды, қатысушылар университет атынан сыйлықтарға ие болды.

Осы ретте, үйірменің студенттері Ұлан Ермеков пен Мұхитбек Гүлжан ағымдағы оқу жылының қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ -2021» республикалық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің декан орынбасары Комарова Айсұлу Мақашқызы мен үйірме жетекшісі Әбуова Ғазиза Темірәліқызы алғыс хаттармен марапатталды.


0
1795

пікірлер

пікір қалдыру үшін.