Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ күресінен республикалық турнир.

Қазақ күресінен республикалық турнир.

11 Желтоқсан 2021

2021 жылы 4 желтоқсанда Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ректор кубогына қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Ашылу шеруінде Облыс әкімінің орынбасары А.Н. Нүкенов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғылым жөніндегі проректоры Е.М. Тәжбаев, дзюдодан әлем чемпионы М. Раков және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан 14 команда қатысты.

Біздің құрама команда жүлделі орынға ие болмаса да, тәжірибелі спортшылармен бәсекелесе отырып, лайықты өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ командасы турнир чемпионы атанды, Нұр-Сұлтан қаласы Еуразия университеті командасы 2-орын иеленді, команда жүлдегерлерінің үштігін ҚарТУ мен ТЖМ Көкшетау университетін жапты!

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Дене денсаулығы орталығы


0
1541

пікірлер

пікір қалдыру үшін.