Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған марапаттар

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған марапаттар

11 Желтоқсан 2021

9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған форум өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша аталған іс-шарада жыл қорытындысы шығарылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін үздіктер марапатталды.

Облыстық департамент басшысы Денис Шакеновтың айтуынша, бүгінде өңірде сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде және қоғамшылдар, БАҚ өкілдері мен ЖОО ұжымдары өз үлестерін қосуда.

"Қарағанды облысында арнайы мониторингтік топ, ақпараттық-ағартушылық штаб, "Сарыарқа – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі жұмыс істейді, "Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалымен, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен және түрлі үкіметтік емес ұйымдармен жемісті жұмыс жүргізілуде.Бұл мәселеде жоғары оқу орындарына үлкен рөл беріледі", - деді Денис Владимирович.

Жыл қорытындысы бойынша Қарағанды медицина университетінің ұжымы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін Департамент басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ университеттің комплаенс-офицері Александр Урмашов марапатталды.

Комплаенс-офис әріптестерін лайықты марапатымен құттықтайды!


0
1863

пікірлер

пікір қалдыру үшін.