Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

15 Ақпан 2022

2022 ж. 07.02. мен 09.02. мерзімі  аралығында «ҚМУ» КеАҚ медицина мектебі Қарағанды облысының денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, түлектер үшін online форматта Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Іс-шараны оқу ісі жөніндегі проректор Риклефс Виктор Петрович құттықтау сөзімен ашты, модератор медицина мектебінің деканы Газалиева Меруерт Арстановна жалғастырды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Қарағанды облысының 37 медициналық ұйымы қатысты.Қарағанды облысының медицина ұйымдарының өкілдері түлектерге презентациялар жасап, оларды бос жұмыс орындарымен және әлеуметтік пакеттерімен таныстырды.

Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Барлық ұсынылған слайдтар түлектерге жіберілді.

Медицина мектебі


0
2084

пікірлер

пікір қалдыру үшін.