Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Душанбе қ. студенттеріне арналған сабақтар циклі

Душанбе қ. студенттеріне арналған сабақтар циклі

01 Наурыз 2022

Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің профессоры, Кулов Д.Б., 2022 ж.13.02-20.02. мерзімі аралығында «Абуали ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті» МББМ-нің (Душанбе қ.)  медицина тарихы курсы бар қоғамдық денсаулық сақтау және медициналық статистика кафедрасында педагогикалық ұтқырлық аясында медицина факультетінің 4-курс студенттеріне сабақ циклін өткізді.

 Пән циклі «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» деп аталды. Сабақтар кафедраның тақырыптық жоспарына сәйкес өткізілді және 60 сағатты құрады (5 кредит).

Айта кету керек, өткізілген сабақтар циклін кафедра оқытушылары оң бағалады.

Дүйсентай Баркенұлы да ұтқырлықтан кейінгі эмоцияларымен бөлісті: «Осы іссапардан алған әсерлер өте керемет. Кафедраның барлық профессорлық-оқытушылық құрамына, әсіресе кафедра меңгерушісі, м. ғ. к. Наргиз Сарабековна Джураеваға жылы лебізімді білдіргім келеді!»


0
1666

пікірлер

пікір қалдыру үшін.