Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
FOR 21 жобасының шеңберінде өткен коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша білім беру нәтижелеріне аралық талдау

FOR 21 жобасының шеңберінде өткен коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша білім беру нәтижелеріне аралық талдау

17 Наурыз 2022

2022 жылдың 15 наурызында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында «FOR21  жобасының шеңберінде өткен коммуникативті дағдыларды дамыту бойынша білім беру нәтижелеріне аралық талдау» ғылыми-әдістемелік шағын конференция болып өтті. Шағын конференцияға «ҚМУ» КеАҚ  уақытша ғылыми ұжымының өкілдері, атап айтсақ:  FOR 21 Жобасының координаторы, неврология, психиатрия және реабилитология кафедрасының ассистенті  П.С. Семенихина, академиялық жұмыс жөніндегі проректоры-  Риклефс Виктор Петрович, симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының меңгерушісі  Кемелова Гульшат Сейтмуратовна, клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі Ш.С.Калиева, «Отбасы медицинасы» кафедрасының меңгерушісі м.а. Т.О. Абугалиева, «ҚМУ» КеАҚ жаттықтырушылары  - С.Е. Халмурадова,  М.В. Тимахович, А.С. Сапарова,  Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ коммуникативті дағдылар кафедрасының ассистенті - Аль-Абдулла Салима Джаляль,  Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ коммуникативті дағдылар кафедрасының доценті Ф.А. Багиярова және мамандығы «Жалпы медицина» 5 курс студенттерінен - 33 студент, жалпы алғанда барлығы 45 адам қатысты.  

Шағын конференцияны Риклефс Виктор Петрович алғы сөзбен бастап, мақсат-міндеттерімен таныстырса, ал Семенихина Полина Сергеевна  «Пациент –орталықтанған қарым-қатынастың коммуникативті дағдыларын дамыту» FOR 21 жобасының басты  бағыттарын атап өтті.   Жаттықтырушылар С.Е.Халмурадова, М.В.Тимахович, А.С. Сапарова сынақтан өткен клиникалық кейстердің  есебін ұсынып, серіктес жоғары оқу орындарының клиникалық кейстермен жұмыс істеу кезіндегі басты артықшылықтары мен туындаған мәселелерін атап өтті.   

FOR 21 жобасының серіктесі Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ қызметкерлері  Аль-Абдулла Салима Джаляль мен Ф.А.Багиярова өздерінің жоба аясында виртуалды пациенттерді пайдалана отырып коммуникативті дағдыларды оқытуға  әзірлеген кейстерін қолдану тәжірибелерімен бөлісті.   

Конференция соңында студенттер Г.Даноян, К.Калибекова, М.Тарасевич сөз алып, коммуникативті дағдыларды дамытудың өзектілігін атап өтіп, анағұрлым ілгері коммуникативтік дағдылары келтірілген клиникалық жағдайлардың санын кеңейту бойынша ұсыныстарын білдірді.   


0
1551

пікірлер

пікір қалдыру үшін.