Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы»

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы»

24 Наурыз 2022

2022 жылдың 18 наурызында Қарағанды медицина университеті, Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  қазақ халқының қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы» атты аймақтық деңгейдегі дөңгелек үстел отырысы өтті.Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды, Теміртау және Балқаш білім беру және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.

   Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, КеАҚ «ҚМУ» профессоры,  м.ғ.д. Вилен Борисович Молотов-Лучанский кіріспе сөз сөйледі.

  Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды университеті, Қарағанды техникалық университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды медицина университеті, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы ресурстық тіл орталығы және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының өкілдері спикер ретінде белсене қатысты.

  Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдістемелік мұрасы» тақырыбының және оның аясында қарастырылған сұрақтардың өзектілігін дәлелдейді.

Барлық баяндамалар  Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасына, оның ғылыми-әдістемелік мұрасына деген қызығушылықты арттыруға себепкер болды. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданды.


0
1425

пікірлер

пікір қалдыру үшін.