Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Финляндиядағы докторанттардың тағылымдамасы

Финляндиядағы докторанттардың тағылымдамасы

11 Сәуір 2022

Erasmus+ AccelEd жобасы аясында «Мейірбике ғылымы» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламаларының PhD докторанттары Садуева Феруза Хайдаралиевна мен Меерманова Инеш Бериковна Финляндияның JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама 2022 ж.04.03.–2022 ж. 20.05. мерзімі  аралығында өтеді.

Тағылымдама мақсаты Еуропадағы жаңа педагогикалық әдістерді және мейіргер ісін дамытудың әр түрлі түрлерін және ғылыми жобаларды зерттеу болып табылады. Сондай-ақ, студенттер академиялық мамандарға және жүргізіліп жатқан ғылыми-педагогикалық қызметке көмектеседі.

Бұл тағылымдама жеке пән ретінде мейіргер ісі саласындағы зерттеулердің сапасын арттыруға көмектесетінін атап өткен жөн.

Докторанттарға сәттілік және тағылымдаманың  жемісті өтуін тілейміз!


0
1305

пікірлер

пікір қалдыру үшін.