Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЮНФПА оқыту курстарының университет бағдарламасымен интеграциялануын талқылады

ЮНФПА оқыту курстарының университет бағдарламасымен интеграциялануын талқылады

14 Сәуір 2022

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ және БҰҰ-ның халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) басшылығы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қоя отырып, ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнатады.

Меморандум аясында ЮНФПА-ның келесі оқыту курстарын университеттің оқу бағдарламасына біріктіру қарастырылған:

1. Отбасын жоспарлау және заманауи контрацептивтер бойынша қызметтер көрсету;

2. Медициналық  қызметтер; жастарға достық қарым-қатынас көрсету.

3. Гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге базалық көмек көрсету;

4. Стационарлық перинаталдық көмектің сапасын қамтамасыз ету.

«Медициналық білім беру жүйесі болашақ дәрігерлерді жаңа біліммен қамтамасыз етуі керек. ЮНФПА курстары күндізгі және онлайн оқытуға арналған. Біз осылай студенттер үшін пайдалы болады деп есептейміз және бұл елдегі ана денсаулығын жақсартуға оң әсер етеді, сондай - ақ ана өлімін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі Ронни Линдстром.


0
1525

пікірлер

пікір қалдыру үшін.