Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Медициналық білім апталығы – 2022»

«Медициналық білім апталығы – 2022»

14 Сәуір 2022

Сеченов университетінде (Мәскеуде) сәуірдің 4-і мен 8-і аралығында «Медициналық білім апталығы – 2022» халықаралық қатысумен XIII Бүкілресейлік конференция өтті. Ол медициналық көмекті дамытудың тиімді құралдарын әзірлеуге және енгізуге арналған.

Денсаулық сақтаудың ғылыми және кәсіби әлеуеті. Конференцияның негізгі тақырыптары: медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау және медициналық білім беруді жетілдіру, үздіксіз медициналық білім алуда жеке кәсіби траекторияны қалыптастыру, цифрлық университет және денсаулық сақтаудағы ақпараттық ортаны басқарудың заманауи әдістерін еңгізу.

Жаңа цифрлық модельді дамыту векторында заманауи мамандарды даярлау жаһандану жағдайында бәсекелестіктің қарқынды өсуімен байланысты маңызды міндет болып табылады. Қазіргі уақытта электронды оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету әзірленуде, медициналық білім берудің ұлттық электронды платформасы құрылуда, инновациялық білім беру жобалары пайда болуда. ІТ-технологияларды, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу жағдайында үлкен деректер мен жасанды интеллект, тірі жүйелерді математикалық модельдеу диагностика мен пациенттерді басқару сапасын арттыруға ықпал етеді.

 Жаңа технологиялар дәрігерлерге өздерінің құзыреттіліктері мен коммуникативті дағдыларын үздіксіз дамыта отырып, ең маңызды медициналық міндеттерге зейінін арттыруға мүмкіндік береді. Ол үшін жаңа білім беру бағдарламалары жасалуда. Бұл Ұлттық жобалардың міндеттерін шешуге қабілетті мамандарды дайындаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, отандық жоғары медициналық білімнің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Медициналық білім апталығы 2022 конференциясы ғалымдар мен денсаулық сақтау мамандары арасындағы диалог үшін тиімді алаң болып табылады.

Конференцияға 7000 қатысушы, 758 спикерлер, 28 көрмешілер қатысты. Шетелдік спикерлер арасында тек Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның медициналық білім беру саласының өкілдері болды. Қазақстандық медициналық білімнің өкілдері ретінде ҚМУ оқу ісі жөніндегі проректоры Риклефс Виктор Петрович және ҚМУ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының жетекшісі Кемелова Гүлшат Сейтмұратқызы онлайн режимінде қазақстандық медициналық білім беру өкілдері ретінде баяндама жасады. Әріптестеріміздің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырып, қошеметпен қолдау тапты.

Бостанова Жұлдыз, Орталық маманы


0
1270

пікірлер

пікір қалдыру үшін.