Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оның практикалық бөлігіне назар аудара отырып оқыту

Оның практикалық бөлігіне назар аудара отырып оқыту

19 Сәуір 2022

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біз, «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Курск мемлекеттік медицина университетінде оқудан өттік.

Оқыту «Акушерлік және гинекология», «Жаңа туған нәрестелер патологиясы», «Жас  балалар мен жасөспірімдер патологиясы» пәндері бойынша өткізілді.

Бізді құшақ жая, мейіріммен, жылы шыраймен қарсы алды. Келген бойда біз білім алған университетпен, ауруханалармен таныстық. Ең бірінші көзге түскені әлемнің әр түкпірінен келген шетелдік студенттердің көптігі болды. Олармен араласып, елі мен мәдениеті туралы әңгімелесу өте қызықты болды, сол арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейімізді арттырдық.

Білім алу барысында оның практикалық бөлігіне, науқастармен қарым-қатынасқа баса назар аударылды. Осының арқасында одан әрі қызмет үшін баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік туды.

Осы мүмкіндік пен қолдау үшін «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма төрайымы - Ректордың міндетін атқарушы  А.А.Тұрмұхамбетоваға, медицина мектебінің және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының  4 курс студенттері


0
1317

пікірлер

пікір қалдыру үшін.