Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ғылым және денсаулық» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі Диплом

«Ғылым және денсаулық» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін ІІ дәрежелі Диплом

20 Сәуір 2022

«Семей медицина университеті» КеАҚ қабырғасында халықаралық білім алушылардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған «Ғылым және денсаулық» атты 64-ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары арасында ғылымды дамыту болды.

  Конференцияға 300-ден астам студент қатысты, конференцияның екі күнінде күндізгі және қашықтықтан форматта 184 баяндама ұсынылды. Қатысушыларды қамту географиясы бірнеше елдерді қамтыды: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстан.

Медицина мектебінің «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жаманхан Асанәлі Жасболатұлы «Іргелі ғылымдар» секциясында ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

Жаманхан Асанәліні құттықтаймыз! Осымен тоқтап қалмай, әрқашан алға ұмтылып, кез келген шыңдарды бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!

Медицина мектебі


0
1317

пікірлер

пікір қалдыру үшін.