Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар

Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар

30 Мамыр 2022

19-20 мамырда Астана медицина университетінде «Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар» атты халықаралық конференция өтті. Бұл конференция ЕО Erasmus+ қоры арқылы  қаржыландыратын, жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау бойынша инновациялық жобаларды іске асыратын «AccelEd Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргерлік білімді жетілдіру» жобасының бөлігі  болып табылады.

Құттықтау сөзді: Надыров Камалжан Талғатұлы, Басқарма төрағасы, «Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры; Ханс Клюге, ДДҰ Еуропалық аймақтық директоры; Маргриета Лангинс, ДДҰ Еуропадағы аймақтық бюросының мейіргер ісі және акушерлік саясат жөніндегі кеңесшісі; Памела Чиприано, Халықаралық мейірбикелер кеңесінің президенті; Нарбекова Бану Мұқатайқызы, Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары, AccelEd жобасының серіктестері.

Конференцияға медициналық университеттерден, колледждерден, жоғары колледждерден, Қазақстан Республикасының практикалық денсаулық сақтауынан, сондай-ақ Еуропадан 200-ден астам қатысушылар қатысты.

«Білім мен тәжірибенің ынтымақтастығы арқылы мейіргер ісін жетілдіру» секциясын Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіби денсаулық институтының директоры Омаркулов Бауыржан Кәденұлы жүргізді. Секция магистрлік және докторлық диссертациялар мен ғылыми зерттеулер тақырыптары бойынша білім беру мен клиникалық тәжірибе арасындағы ынтымақтастықтың озық тәжірибесін, білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі ынтымақтастықты, клиникалық тәжірибе тұрғысынан мейірбикелерді даярлауға қойылатын біліктілік талаптарын, тәлімгерлік мәселелерін талқылауға бағытталды.

ҚМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының PhD докторанты, қоғаммен байланыс қызметінің маманы Қуаныш Жұлдыз Маратқызы «Медициналық жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы мейіргер ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар» тақырыбында және «Қазақстан Республикасындағы мейіргер ісінің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы» туралы баяндама жасады. ҚМУ Мейіргерлік білім беру мектебінің оқытушысы Айтмағамбетов Ауез Рашидович денсаулық сақтауда Сервистік дизайнды қолдану туралы баяндама жасап, мейіргерлік зерттеулерді дамыту үшін инновациялық әдістердің маңыздылығын атап өтті.


0
1599

пікірлер

пікір қалдыру үшін.