Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

15 Ақпан 2023

2023 жылғы 13 ақпанда мансапты дамыту орталығы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, 2023 жылғы түлектерге жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «бос орындар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, өткізді.

«ҚМУ» КеАҚ стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Риклефс Виктор Петрович құттықтау сөз сөйледі, модератор ретінде Қарағанды облысы ДСБ персоналды басқару қызметінің басшысы Майлыгулова Мейрамгүл Мадияровна сөз сөйледі.

Аталған іс-шараға 50-ден астам денсаулық сақтау ұйымдары мен Қарағанды облысы аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Медициналық ұйымдардың басшылары мен кадр қызметінің мамандары қызықты презентациялар дайындап, студенттерді бос орындармен және әлеуметтік пакетпен таныстырды. Түлектер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды. Барлық ұсынылған слайдтар түлектерге жіберілді.

Жәрмеңке аяқталғаннан кейін студенттер одан әрі ынтымақтастық үшін жұмыс берушілермен байланыс орнатты, тіпті келісім-шарт жасасып, өтініштер мен кепілдік хаттар алды.


0
1140

пікірлер

пікір қалдыру үшін.