Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды қаласының туған күні

Қарағанды қаласының туған күні

15 Ақпан 2023

2023 жылы 13 ақпанда Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасында Қарағанды қаласының туған күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

     Ұйымдастырушылар: Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессорлары Бақыт Баянқызы Рысбекова, Бағдат Сәбитқызы Битенова, Айгүл Арысланқызы Ахатова болды. Дөңгелек үстелдің белсенді қатысушылары ФӨТ-2001, ФӨТ-2002 және ЖМ-2006 топтарының студенттері болды.

      Іс-шараның қонақтары: медицина ғылымдарының докторы, профессор, КеАҚ Қарағанды Медицина университеті клиникасының бас терапевті, Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасы Вилен Борисович Молотов-Лучанский, Полякова Елена Олеговна – медицина мектебінің деканы, Wonca, ACBK мүшесі, медицина ғылымдарының магистрі, отбасылық дәрігер, Шакаримова Қуаныш Қазбекқызы – Фармация мектебі деканының оқу және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары.

       Биыл Қарағанды қаласына 89 жыл толды. Кездесу барысында қаламыздың қалай дамып, гүлденіп жатқаны, оның Қазақстан экономикасының түрлі салаларында, қоғам өмірінде маңызы қандай екені айтылды.

      Бұл шын мәнінде экономика саласының жүрегі болып табылатын республиканың басты және ірі қалаларының бірі.

      Қарағанды жері жалпы еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және экономика салаларын дамытуда елеулі рөл атқарады.

      Қорытынды сөзі Қарағанды қаласының құрметті азаматы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, КеАҚ Қарағанды Медицина университеті клиникасының бас терапевті, Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасы Вилен Борисович Молотов-Лучанскийге, Е.О.Поляковаға, К.К. Шакаримоваға, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының меңгерушісі С.А.Никифороваға және кафедраның тәрбие жұмысына жауапты ассистент-профессоры К.Ж.Абдрахмановаға берілді.

Ассистент-профессор Б.Б.Рысбекова


0
999

пікірлер

пікір қалдыру үшін.