Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
For 21 серіктестерінің кездесуі

For 21 серіктестерінің кездесуі

17 Ақпан 2023

2023 жылдың 1-3 ақпан айында FOR21 «FOstering the doctoR of the 21st century: education for patient-centered communication» жобасы аясында екінші кездесу Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Отырысқа барлық серіктес жоғары оқу орындарынан, атап айтсақ: Салоникидегі Аристотель университетінен жобаның үйлестірушісі, профессор Панос Бамидис, Лидс университетінен, Қарағанды медицина университетінен, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінен, Ташкент Медицина Академиясынан, Самарқанд Мемлекеттік Медицина Университетінен  өкілдер қатысты. Қарағанды медицина университетінің атынан  жобаның үйлестірушісі Полина Сергеевна Семенихина және тьютор, жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, жобаның мақсаттарын іске асыруға және материалдарды жасауға белсенді қатысушы Халмурадова Сымбат Ержановна қатысты.

  Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі жобаның барысын талқылау және аралық қорытындыларды шығару болды. Барлық әріптестер жоба шеңберінде әзірленген кейстерді енгізу әдістемелерін ұсынды. ҚазҰМУ өкілдері өздері әзірлеген әдістемелік ұсыныстарды үш тілде көрсетті. Самарқанд Мемлекеттік Медицина университетінің коммуникативтік құзыреттілікті дамыту орталығының директоры Бабамурадова Заррина Бахтияровна  Лидс университетінің өкілі Элла Пултонмен бірлесе отырып 4 курс студенттеріне FOR21 жобасы аясында әзірленіп жатқан виртуалды пациенттермен жұмыс істеу әдістемелерін көрсете отырып, ашық сабақ өткізді. 

Басқа талқылаулар барлық серіктес жоғары оқу орындарының студенттері мен тьюторлары тарапынан фидбекке жауап ретінде жасалған кейстерді рецензиялау, оларды одан әрі бейімдеу және өзгерту, қорытынды емтиханға арналған ОҚКЕ станциясының сценарийін әзірлеу және жоба шеңберінде виртуалды және стандартталған пациенттер үшін пайдаланылуы мүмкін бағалау парақтарын жасау мәселелерін қозғады.

  Кездесу өте жақсы деңгейде өтіп, жоба серіктестерінің бір-бірімен  жақынырақ танысып, тілдесуіне мүмкіндік берді. 

Автор: Семенихина Полина Сергеевна


0
1035

пікірлер

пікір қалдыру үшін.