Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ковидтен кейінгі синдромды диагностикалау және емдеу

Ковидтен кейінгі синдромды диагностикалау және емдеу

03 Сәуір 2023

ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ұйымдастыруымен Қарағанды медицина университетінде медицина қызметкерлеріне ковидтен кейінгі синдромды диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды ​​ медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері қатысты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Азамат Дүйсенов өңірдегі 100-ден астам МСАК және стационарлардың практик дәрігерлері, сондай-ақ ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының басын қосып, COVID-19 жаңа сын-қатерлерін және оның ескі салдарын талқылау бойынша отырыста сөз алып, осы мәселеге толығырақ тоқталды.

Негізгі баяндамашы ретінде ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы, Астана медицина университетінің профессоры Бақыт Көшерова сөз сөйледі.

Спикер қалдық қабынумен, ағзалардың зақымдануымен, ауруханаға жатқызудың спецификалық емес әсерлерімен, сондай-ақ әлеуметтік оқшауланумен байланысты ковидтен кейінгі жағдайдың негізгі белгілері туралы егжей-тегжейлі айтты. Сондай-ақ, Бақыт Нұрғалиқызы бүгінгі таңда COVID-19 ауруына шалдыққандардың арасында аурудың ағымы ересектермен бірдей  және кейде өте ауыр өтетін балалар көп екенін атап өтті.

Семинардың екінші бөлімінде медицина ғылымдарының докторлары, Қарағанды медицина университетінің профессорлары: дәрігер эндокринолог В.Б. Молотов-Лучанский, дәрігер кардиолог Д. Ж. Тайжанова, дәрігер психиатр Л. Л. Мациевская, дәрігер гастроэнтеролог Е. М. Ларюшина өз зерттеулерінің нәтижелерімен сөз сөйледі.

 Семинарға қатысушылар тәжірибешілерде ковидтен кейінгі синдромға, оның диагностикасының ерекшеліктері мен емдеу кезеңдеріне, сондай-ақ пациенттерді оңалту сүйемелдеуіне қатысты көптеген сұрақтар туындайтынын атап өтті. Мұндай оқыту іс-шаралары күнделікті осы аурумен ауыратын дәрігерлерге айтарлықтай көмек көрсететіні сөзсіз.

Әлемдік тәжірибені, ДДҰ ұсынымдарын және отандық республикалық клиникалардың жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі "Ковидтен кейінгі синдром" диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасын (КХ) осы жылдың басында өзектендіріп, жұмыста пайдалану үшін елдің медициналық ұйымдарына жіберді. 


0
956

пікірлер

пікір қалдыру үшін.