Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мектептер спартакиадасы

Мектептер спартакиадасы

20 Сәуір 2023

2023 жылдың 11-14 сәуір аралығында Қарағанды медицина университетінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 30-жылдығына арналған мектептік студенттік спартакиадасы өтті.   

Жарыс бағдарламасына спорттың 13 түрі кірді: арқан тарту, гір спорты, баскетбол (ұл, қыз), волейбол (ұл, қыз), ату, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, асық-ату, үстел теннисі, футбол.

  Жарысқа университеттің барлық мектептері: медицина, мейіргер ісі, стоматология, қоғамдық денсаулық, фармация, өмір туралы ғылымдар институты және халықаралық медицина факультеті белсенді қатысты. Жоғары оқу орнының спартакиадасына әр түрлі спорт түрлерінде өздерінің спорттық дағдыларын көрсетіп белсенді, лайықты студенттер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

Стоматология мектебі-I орын,

Медицина мектебі-II орын,

Фармация және қоғамдық денсаулық мектептерінің құрама командасы-III орын,

Өмір туралы ғылымдар институты - IV орын,

Халықаралық медицина факультеті - V орын,

Мейіргерлік білім беру мектебі-VI орын.

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Физикалық денсаулық орталығы


0
763

пікірлер

пікір қалдыру үшін.