Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

20 Сәуір 2023

2023 жылғы 18 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін шақырумен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметін реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Еділханов А.Ж. «Таза парақтан реттеу» жаңа реттеу саясатының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Алдағы уақытта бақылау шараларын таңдау және жоспарлаудың барлық рәсімдері автоматтандырылады. Адам факторының қатысуынсыз ақпараттық жүйемен өндірілетін әрбір ОБПҰ туралы ақпарата берілетін болады. Тиісінше, уәкілетті органдарға жіберілетін университет қызметі туралы мәліметтердің уақтылылығы мен объективтілігі үшін ЖОО басшыларының жауапкершілігі бірнеше есе артады.

Одан әрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім басқармасының басшысы Ізденов А.Қ. медициналық білім беруді реттейтін құқықтық құжаттардың ерекшеліктері туралы түсіндірді, әріптестермен біріктірілген медициналық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.


0
854

пікірлер

пікір қалдыру үшін.