Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Флешмоб «Қарағандыға 80 жыл»

Флешмоб «Қарағандыға 80 жыл»

16 Сәуір 2014

1 сәуір, бұл күні түрлі әзілдер мен күлкілі оқиғаларға даяр болған абзал, біздің белсенділер тәрбие жұмысы және жастар саясаты бөлімі Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған би флешмобын ұйымдастырды. Бұл акция Гоголь көш., 40 үй мекенжайында орналасқан ҚММУ-ң бас корпусының қабырғасында өтті.

Университет студенттері және оқытушылары, қызметкерлері үзіліс кезінде жиналатын фойеде өткен флешмоб ешкімді бейжай қалдырмады, джаз бен рокн-ролдың әсерлі музыкасы көрермендердің қызуғышылығын туғызып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көпшілік болып жатқан жағдайды фотоға түсіріп, бейне таспаға жазуға тырысып жатты.

Қатысушылар мамандадырылған әртістер немесе бишілер емес екенін атап өту керек, олардың басты мақсаты би арқылы өз қаласы мен университетіне деген сүйіспеншілікті, ортақ іске қатыстығын жеткізу болды.

Акцияға қатысушылар жаңа достарды тапты, көріністен көрермендер рахатқа, көтеріңкі көңіл күй және көптеген жағымды сезімдерге бөленді.

Осының бәрі үшін «Yes Team» қазіргі заманғы билер үйірмесінің жетекшісі Кнаус Антонға және қатысушылар:  Жүзбаев Бримжанға, Синягаева Викторияға, Жұмағалиева Динараға, Шинкентаева Гүлданаға, Какенов Азаматқа, Ибрагимова Меруертке, Камалов Шахмұратқа, Баратова Наргизге, Елубай Махаббатқа, Конрад Аннаға, Даукенова Анарға, Нұрғалиева Гүлжайнатқа, Бокаева Меруертке, Безбородова Анастасияға. ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

Акция қатысушылары өздерінің жұмысбастылығына, «аралық бақылауға» дайындалу жауапкершілігіне қарамай, қысқа мерзімде дайындыққа уақыттарын бөлді және ұмытылмас ойын-сауық ұйымдастырды.

Әлеуметтік ахуалына және жасына қарамастан әрбір адам іс-шараның қатысушы бола алады, қосылыңдар!

Шендрикова Екатерина,

2 курс студенті

СӨӨБК мәдени-көпшілік секторына жауапты


0
20194

пікірлер

пікір қалдыру үшін.