Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жаңа туған нәрестелердің патологиясы бойынша дәрістер

Жаңа туған нәрестелердің патологиясы бойынша дәрістер

25 Мамыр 2023

10.05.2023ж. мен 23.05.2023ж. аралығында визитинг-профессор бағдарламасы шеңберінде медицина ғылымдарының докторы, доцент Дильмурадова Клара Равшановна, Самарқанд Мемлекеттік Медицина Университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің неонатология курсының меңгерушісі 7R01114 Неонатология мамандығының резиденттеріне жаңа туған нәрестелер патологиясының өзекті мәселелері бойынша онлайн дәріс оқыды.

Медицина ғылымдарының докторы, доцент Клара Равшановна Дильмурадованың ғылыми бағыты-неонатальды нефрология және неонатальды пульмонология. Клара Равшановна неонатология бойынша 2 оқу құралын, 3 монографияны, 200-ден астам баспа жұмыстарын шығарды. 2022 жылдан бастап Саратов мемлекеттік медицина университетімен үнемі вебинарлар өткізеді, Ресейдің ғылыми-практикалық халықаралық конференцияларына қатысады.

Резиденттер мен оқытушылар құрамы медицина ғылымдарының докторы, доцент Дильмурадова Клара Равшановнаға пайдалы дәріс материалы және оны сауатты ұсынғаны үшін алғыс білдіреді.


0
925

пікірлер

пікір қалдыру үшін.