Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Психикалық денсаулық - адамның әмбебап құқығы

Психикалық денсаулық - адамның әмбебап құқығы

17 Қазан 2023

2023 жылғы 10 қазанда «ҚМУ» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік Денсаулық институтында Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған гибридті ғылыми-практикалық конференция өтті. Жыл сайын атап өтілетін мереке адамның психикалық жағдайына және осындай аурулары бар адамдарды қолдауға байланысты проблемаларға назар аударуға арналған. 2023 жылы бұл мереке «Психикалық денсаулық - адамның әмбебап құқығы» деген ұранымен өтеді. 

Конференцияны ұйымдастырушылар «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ неврология, психиатрия және оңалту кафедрасының психиатрия курсы, «ҚМУ»  КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік Денсаулық институты, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ отбасылық медицина кафедрасы болды.

Конференцияға психиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, «Жалпы дәрігерлік практика» және «Ересектер, балалар психиатриясы» мамандықтарының студенттері мен резиденттері, Қазақстанның түрлі қалаларының медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары, қатысушылардың жалпы саны 245 адамды құрады. Конференцияда психикалық денсаулық қызметін БМСК-қа интеграциялау мәселелері, клиникалық психиатрияның заманауи аспектілері талқыланды. Нормативтік құжаттарға, ҚР психиатриялық қызметінің құқықтық аспектілеріне, дестигматизацияға, психикалық бұзылулары бар адамдардың комплаенсін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Осы тақырыптар бойынша психиатрия курсының қызметкерлері, резидент дәрігерлер-екінші оқу жылының психиатрлары баяндама жасады. Конференция тыңдаушыларына тақырып бойынша материалдары бар ақпараттық блок дайындалды және берілді, «ҚМУ» КеАҚ психиатрия курсы «ЖДТ практикасындағы психиатрия» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыруды ұсынады.

  Неврология, психиатрия реабилитология кафедрасының

 асс. профессоры Мациевская Л. Л.


0
862

пікірлер

пікір қалдыру үшін.