Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Респираторлық медицинадағы инновациялық технологияларды талқылады

Респираторлық медицинадағы инновациялық технологияларды талқылады

27 Қазан 2023

2023 жылғы 19-21 қазан аралығында Астана қаласында «Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы» ҚБ, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» КеАҚ ұйымдастырған «Респираторлық медицинадағы инновациялық технологиялар» атты X конгресс өтті. Конгресстің ұйымдастыру комитетінің төрағалары «Респираторлық медицина мамандарының қауымдастығы» ҚБ төрағасы И.Ю. Мукатова және Ресей респираторлық қоғамының президенті А.С. Белевский болды.

 Конгресстің мақсаты әлемдегі практикалық денсаулық сақтау үшін өте маңызды болып табылатын үйлесімділікке баса назар аудара отырып, тыныс алу жолдарының патологиясын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдеріне сәйкес ақпарат алу және тәжірибе алмасу болды. Конгреске «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ өкілдері келесі баяндамалармен қатысты:

- профессор, м.ғ.д., жоғары санатты патологоанатом-дәрігер Түсіпбекова Майда Масхаповна «Тамырішілік склерозды бронхоальвеолярлы ісіктің клиникалық-морфологиялық параллельдері (клиникалық бақылау)» баяндамасымен;

-профессор, м.ғ.д., жоғары санатты пульмонолог-дәрігер Ибраева Лязат Катаевна «Қарағанды облысында үдемелі өкпе фиброзы бар пациенттерде антифибротикалық терапияны қолдануды талдау» баяндамасымен;

- қауымдастырылған профессор, PhD докторы, бірінші санатты патологоанатом-дәрігер Стабаева Лейла Медеубайқызы «Коронавирустан кейінгі синдром өкпенің карциноидты ісігінің қоздырғышы ретінде (клиникалық бақылау)» баяндамасымен;

-ассистент-профессор, жоғары санатты патологоанатом-дәрігер Костылева Ольга Андреевна және ассистент-профессор Ирфан Мұхаммед «Лимфоидты интерстициальды пневмонияның морфологиялық баламасы» баяндамасымен.

Профессор Л.К. Ибраева «Өкпенің интерстициальды аурулары және ісік процестері: клиникалық-морфологиялық параллельдер» 16 симпозиумының және постер сессиясының модераторы болды.

Сондай-ақ, конгресс жұмысына «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ бірінші және екінші оқу жылындағы «Ересектер, балалар пульмонологиясы» мамандығының барлық резиденттері белсенді қатысты.  2 оқу жылының Резидент-пульмонологтары Крылов Андрей Владимирович, Жұмағалиева Диана Аскаровна, Пен Марина Юрьевна және Еркетаева Жібек Амантайқызы постерлік сессияға өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін «Қарағанды қаласының емханаларында ӨСОА ерте диагностикасы бойынша скринингтік бағдарламаны енгізу тәжірибесі» атты постерлік баяндама түрінде ұсынды. Постерлік ғылыми баяндамалар конкурсының қорытындысы бойынша резидент-пульмонологтар 1-жүлделі орынға ие болды.


0
1038

пікірлер

пікір қалдыру үшін.