Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Қостанай-Карағанды» форматындағы семинар

«Қостанай-Карағанды» форматындағы семинар

26 Қаңтар 2024

24 қаңтарда облыс әкімдігінің алаңында ерекше семинар-дәріс өтті. Бейнеконференцбайланыс форматында еліміздің екі өңірінің: Қарағанды және Қостанай облыстарының жетекші комплаенс-офицерлері өзара пікірталас жасап және тәжірибе алмасты.

«Еліміздің басқа өңірлерімен тәжірибе алмасу идеясы бізге өткен жылдың соңында келді. Жыл бойы уәкілетті органдар оқыту семинарларынжәне мастер-класстарын өткізеді, барынша қашықтықтан әдістемелік қолдау көрсетеді. Басқа өңірлерде бізбен қатар біздің әріптестеріміз де осындай жұмыстармен айналысады» - деп сөзін бастап айтты Қостанай облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің маманы Карина Кистаубаева«Осылайша, біздің комплаенс-офицерлеріміз Қарағанды медицина университетінің тәуелсіз қызметінің жұмысына қызығушылық танытты. Біз екі өңірдің қызметінің ерекшелігіне қарай талқыланатын мәселелердің ауқымын кеңейте отырып, әріптестерімізбен байланысып, телекөпір ұйымдастыруды ұйғардық».

Іс-шара барысында қатысушылар қолда бар бизнес-процестерді оңтайландыру, шағымдармен жұмыс істеу, мемлекеттік сатып алу, парақорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық стандартын енгізу және тағы да басқа көптеген мәселелерді талқылады.

Өткен жылы құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының майталман үздік қатысушылары сарапшылар ретінде сөз сөйледі.

«Қарағанды медицина университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және академиялық адалдықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты «бірінші орынға қояды». Университет Академиялық адалдық лигасының толыққанды мүшесі ретінде үдерістерді үнемі жетілдіріп отырады, студенттеріміз үшін ашық оқыту рәсімдерін іске асырудың жетілдірілген тетіктерін енгізеді» - депсеминар-дәріс барысында ҚМУ КеАҚ комплаенс-офицері Александр Урмашов өз тәжірибесімен бөлісті – «Жергілікті жерлерде комплаенс офицерлердің тиімді жұмысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу саласындағы өзекті халықаралық стандарттарға сәйкес бақылауды күшейтуге және әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы орта қалыптастыруға қызмет етуге қабілетті деп санаймын».

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорының құқықтық мәселелер және сату жөніндегі орынбасары Ескенова Жұлдыз, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС комплаенс-қызметінің бастығы Байжанов Данияр, Қостанай «KamLitKz» ЖШС комплаенс-офицері Идильбаева Анара, «Қостанай Жылуэнергетикалық компаниясы» МКК комплаенс-офицері Какимов Талғат сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер дәстүрге айналады және мемлекеттік, квазимемлекеттік секторларды одан әрі кәсібилендіруге ықпал етуі мүмкін.


0
4743

пікірлер

пікір қалдыру үшін.