Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Білім беру бағдарламалары рейтингіндегі көшбасшылар

Білім беру бағдарламалары рейтингіндегі көшбасшылар

31 Қаңтар 2024

«Атамекен» ҚР ҰКП рейтингінде бірінші орынды Қарағанды медицина университетінің  бағдарламалары иеленді.

Стоматология және қоғамдық денсаулық сақтау еліміздегі ең үздік білім беру бағдарламалары деп танылды. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы, мейіргер ісі, фармация және жалпы медицина бағдарламалары өз номинациялары бойынша екінші орынға ие болды. Біздің университетіміздің биология бағдарламасы 20 бәсекелес тізімінде бесінші болды.

2023 жылғы ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын тәуелсіз бағалау нәтижелері осындай болды.

 Рейтинг 95 ЖОО-ның 2090 білім беру бағдарламасын қамтыды. 190 салалық сарапшы 19 критерий бойынша 100 мың түлектің нәтижелерін талдады. Негізгі параметрлер: жұмысқа орналасуды талдау, түлектердің жалақысының мөлшері және білім беру бағдарламалары мазмұнының өзектілігін бағалау.

2023 жылы әдіснамаға «ЖОО-ның жалпы көрсеткіштері»критерийлерінің жаңа блогы қосылды. Студенттер мен оқытушылардың арақатынасы, ғылыми белсенділігі, ББ дәрежелі оқытушыларының үлесі және оқытушылардың орташа жалақысы ескерілді.


0
1433

пікірлер

пікір қалдыру үшін.