Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкестік

Академиялық адалдық қағидаттарына сәйкестік

02 Сәуір 2024

2018 жылы Қарағанды медицина университеті еліміздің алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болып, Академиялық адалдық Лигасына мүше болып кіріп, білім беру ортасында адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өзіне жаңа міндеттемелер алды. 2019 жылы біздің университет Лига қағидаттарына сәйкестігі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар-жоғына мониторинг жүргізіп, Лига мүшесінің адал мақтаныш атағын растады.

13-15 наурыз аралығында ҚМУ-де тағы да сыртқы мониторинг жүргізілді, бұл университетке өзін-өзі бағалауға және мониторингтік топтан бизнес-процестер бойынша талдау алуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда: жоғары білім беру саласының жоғары білікті мамандары Лиганың жобалық кеңсесінің басшысы Маханбаева Нургуль, Астана медицина университетінің проректоры Газалиева Меруерт, Семей медицина университетінің проректоры Смаилова Жанаргуль, С.Д. Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің технопаркінің директоры Фахрадиев Ильдар, Астана медицина университетінің академиялық қызметті дамыту басқармасының басшысы Досанова Асем, Семей медицина университетінің кеңсе тіркеушісі бастығы Рахимжанова Баян, мониторингтік топ құрамына кіргендігі туралы айта кету керек.

Мониторинг шеңберінде келесі «Академиялық адалдықты бұзғаны үшін жауапкершілік», «Лиганың жалпы қағидаттары негізінде студенттерді оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін сақтау», «Лиганың жалпы қағидаттары негізінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру», «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау барысында бұзушылықтардың болмауы», «Үлгерімді аралық бақылау (емтихан сессиясы) барысында бұзушылықтардың болмауы», «Мемлекеттік қорытынды аттестаттау рәсімінің ашықтығы», «Академиялық жұмыстарды жалдамалы орындаушылардың болмауы», «Академиялық құжаттарды бұрмалаудың болмауы», «Ғылыми зерттеулерге арналған гранттарды игерудің ашықтығы», «Активтер мен негізгі құралдарды мақсатты пайдалану», «Қызметкерлерді жалдау және жылжыту процедурасының ашықтығы», «Талапкерлерді қабылдаудың белгіленген тәртібін сақтау», «Бос гранттарды бөлудің белгіленген рәсімін сақтау», «Жатақханадағы орындарды бөлу рәсімінің ашықтығы» осы блоктарды қамтитын Академиялық адалдық Лигасының 105 критерийі бойынша бизнес-процестерді бағалау өтті. Сонымен қатар, университеттің оқу ғимараттарына, клиникалық базалары және жатақханаларына таныстыру сапарлары өткізілді.

Мониторинг шеңберінде топ-менеджментпен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, жұмыс берушілермен, білім алушылармен және университет түлектерімен жеке кездесулер өткізілді.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша топ мүшелерінен алдын ала оң қорытынды алынды. Қарағанды медицина университетінің

мониторинг қорытындысы бойынша толығырақ талдаумен adaldyq.kz. Лига сайтында танысуға болады.

Біздің университетте академиялық адалдықтың жоғары стандарттарының құрылған жүйесі үшін басшылық атынан қызметкерлер ұжымына және білім алушыларға алғыс айтамыз!

0
1492

пікірлер

пікір қалдыру үшін.