Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Университеттер арасында білім алмасу

Университеттер арасында білім алмасу

17 Сәуір 2024

«Қарағанды медицина университеті» КеАҚ базасында «Эпидемиология» пәнінің халықаралық академиялық ұтқырлығы шеңберінде Санкт-Петербург қаласының И.И. Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология, паразитология және дезинфектология кафедрасының профессоры А.В. Любимова дәрістер оқыды. 

Тыңдаушылар қоғамдық денсаулық мектебінің ПОҚ, «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ түлектері және тәжірибелік денсаулық сақтау саласының эпидемиологтары болды. Эпидемиологиялық диагностиканың жалпы мәселелері, зерттеудің сипаттамалық және талдамалық эпидемиологиялық әдістері, микробқа қарсы төзімділік мониторингі, жұқпалы ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың таралуын тексеру, алдын алу және жұқпалы ауруларды бақылау, жұқпалы аурулардың жұғу жолдарына негізделген шаралар, жеке қорғану құралдарын пайдалану, хирургиялық араласу, хирургиядағы микробқа қарсы алдын алу, зәр шығару жолдары инфекциясы, қан ағымы, тыныс алу жолдары инфекциясы, медициналық аспаптарды дезинфекциялау және стерильдеу, сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің кәсіби жұқтыруының алдын алу бойынша бейнефильмдер көрсетілді. 

Білім деңгейін бағалау үшін тыңдаушыларды тестілеу (алдын ала тест) өткізілді. Семинар практикалық мәселелерді белсенді талқылау арқылы жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар белсенді қатысып, сұрақтарына толық жауап алды. 

Өте жағымды, қызықты, көңілді және танымдық болды. Тыңдаушылар дайындалған материалды игеріп, өз білімдерін тереңдетті.

0
1195

пікірлер

пікір қалдыру үшін.