Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
FOR21 жобасы аясындағы ынтымақтастық

FOR21 жобасы аясындағы ынтымақтастық

22 Мамыр 2024

FOR21 жобасы аясындағы ынтымақтастық

2024 жылдың 19 мамырында «Fostering the doctor of the 21st century: education for patient-centered communication» атты жобасыбойыншақорытындыкездесулер өтті. Қарағанды ​​медицина университеті командасының өкілдері – Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығының директоры, доцент Кемелова Гүлшат Сейітмұратқызы және доцент Мациевская Лариса Леонардовна Өзбекстанда Ташкент медицина академиясында өткен «Болашақ дәрігердің коммуникативті құзыреттілігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысты.

  Шеберлік сабағында Кемелова Г.С. «Ақыл-есі кем науқас туысының шағымы» атты клиникалық жағдайды көрсету кезінде стандартталған науқаспен қалай жұмыс істеу туралы сабақ көрсетті. Мациевская Л.Л. стандартталған пациентті оқу үдерісіне дайындау әдістемесі туралы баяндама жасады. Екінші презентациясында медицина студенттері арасында медициналық кәсібилікті қалыптастыру бойынша ҚМУ командасының тезистерімен таныстырды. Жобадағы кездесулер мен салыстыру жұмыс барысында жинақталған педагогикалық және пациентке бағытталған клиникалық тәжірибені таратуға ықпал ететін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Конференцияны ұйымдастырушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Бұл шараға С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілдері қатысты, Лидс университеті (Ұлыбритания), Өзбекстанның медициналық университеттерінің оқытушылары және Грециядан, Салоники қаласынан, Аристотель университетінен өкілдері, FOR21 жобасының үйлестірушісі Панос Бамидис және жоба менеджері Анастасия Родина-Теочараки қатысты.  Конференцияға қатысушылардың барлығы пікірталас алаңының мазмұнынан жақсы әсер алды.


0
1099

пікірлер

пікір қалдыру үшін.