Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Нәтижелі тәжірибе алмасу

Нәтижелі тәжірибе алмасу

29 Мамыр 2024

Нәтижелі тәжірибе алмасу

Қарағанды медицина университетінің ішкі аурулар кафедрасында SES бағдарламасы бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу аясында профессор, медицина ғылымдарының докторы, нефролог-дәрігер Ульрих Кунцендорфтың сапары өтті. Профессор нефрологиялық профильдегі ауруларды, соның ішінде аутоиммунды ауруларды, гипертониялық ауруды, бүйрек трансплантациясын, бүйрек алмастыру терапиясын диагностикалау мен емдеуде үлкен тәжірибеге ие.

Сапар барысында профессор Ульрих Кунцендорф білім алушыларға нефрология ғылымының өзекті мәселелері бойынша  интерактивті лекциялар жүргізді:  6В10102 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 7 курс студенттеріне  (нефротикалық синдром, нефритикалық синдром, гломерулонефрит, қант диабеті, артериялық гипертензия); 1 және 2 курс нефролог-резиденттері  үшін  «Нефрология (ересектер, балалар)» (трансплантология, алмастыру терапиясының әдістері, қышқыл-негіз балансы,КШС бұзылыстарын түзету). Ревматология (ересектер, балалар), Эндокринология (ересектер, балалар) мамандықтары бойынша резиденттер де оқу бағдарламасының пәнаралық сипатын ескере отырып, сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды. Практикалық сабақтар аясында профессор Ульрих Кунцендорф диагностика және емдеу мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып, нефрологиялық, кардиологиялық және эндокринологиялық профильдегі науқастардың жағдайларын талқылады.

Сондай-ақ, профессор Ульрих Кунцендорф  «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына» барды, онда оны педиатрия және неонотология кафедрасының меңгерушісі профессор Тукбева Бибігүл Төлеубаевна  және профессор Дюсенова Сандуғаш Болатовна қарсы алды . Дюсенова Сандугаш Болатовнаның жетекшілігімен профессор Ульрих Кунцендорф нефрология бөлімінде күрделі пациенттерге кеңес берді.

Сонымен қатар, профессор Ульрих Кунцендорф КМУ – университет клиникасы базаларына – «Облыстық клиникалық аурухана» КМК-на, «Нефрос-Азия» диализ орталығына барды. Сапарлар барысында профессор Ульрих Кунцендорф, ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры И.В Бачевамен күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, жансақтау бөліміндегі пациенттерге  ультрадыбыстық зерттеу жүргізді, перитонеальді диализ алатын пациенттермен танысты.

Кафедра меңгерушісі Е.М. Ларюшинамен, ішкі аурулар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен танысу барысында профессор Ульрих Кунцендорф Германияның Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын, күту тізіміне енгізуді, донор-реципиент жұбын таңдауды талқылады.

Профессор Ульрих Кунцендорф ішкі аурулар кафедрасында оқыту деңгейіне, сондай-ақ ПОҚ және клиникалық тәлімгерлердің біліктілігінің жоғары деңгейіне, резиденттер мен интерндердің құзыретіне, кафедра мен бөлімшелерді жабдықтау деңгейіне таң қалды.

Профессор Ульрих Кунцендорфтың сапары кезінде оның әріптестерімен қарым-қатынасында «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығының резиденті Наурызбек Рахатұлы Муслимов және «Педиатрия» мамандығының 7 курс студенті Хамраева  Гүлшан Бабамұратқызы баға жетпес рөл атқарды.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ульрих Кунцендорфқа студенттер мен резиденттерге пәнаралық білім беруді жақсартуға қосқан құнды үлесі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.


0
2205

пікірлер

пікір қалдыру үшін.