Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Аитв-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелері

Аитв-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелері

29 Мамыр 2014

АИТВ/АИТС күресті күшейтуді біріктіру 22-23 мамыр күндері Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өткен халықаралық-ғылыми практикалық конференцияның негізгі мақсаты болды.

Халықаралық қатысуымен республикалық халықаралық ғылыми-практикалық конференция АИТС күресудің Қарағанды облыстық орталығының 25-жылдығына арналды. Форум атауында көрсетілген «ИТВ-инфекциясымен күресудің өзекті мәселелері» негізгі бес бағыттар бойынша қарастырылды. Конференцияға қатысушылар ҚР АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының саласындағы клиникалық және профилактикалық медицинаның өзекті мәселелері, АИТВ-инфекциясын емдеудің жаңа жолдары, АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалау, ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастырудың қазіргі кездегі жолдары сияқты өзекті мәселелерді қарастырды.

  Атап өтетіні, АИТВ-инфекциялар - жаңа қоғамның маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларының бірі. 90-жылдары біздің еліміз бойынша тез арада таратыла бастады. Негізгі факторлардың бірі есірткі пайдаланушылардың тобының эпидемиялық процеске тартылуы болды. Бүгінгі таңда АИТВ таратылуы бойынша жағдай жаңа бет алды. Мысалы, АИТВ гетеросексуалды берілуі мен балалардың АИТВ-инфекциясын жұқтырған анадан тууы жағдайларының өсуіне байланысты тұрмысы жақсы халықтың арасында АИТВ таратылуы шынайы қауіп төндіріп жатыр. АИТВ үнемі тосын келіп отырады. 

Оның «өз білегін» қай жақтан алып шығатынын анықтап білу мүмкін емес. Алайда үздіксіз АИТВ күресудің жаңа әдістері ұсынылып жатыр, олар халықаралық және ұлттық деңгейде эпидемияға қарсы тұру бойынша шаралар рангіне қосу үшін тиімділігін растауды талап етеді. Туындап жатқан проблемаларға әсер ету үшін қажетті білімдер мен дағдылардың кешені ауысып отырады. Осының барлығы мемлекеттік, сонымен қатар халықаралық деңгейде ғалымдардың тартылуы мен бірігуін талап етеді. Осы өзекті мәселелердің барлығы конференцияның негізгі пәні болды. Конференция аясында мастер-кластар, сателитті симпозиумдар өткізілді. Форумның маңызды бөлігі зертханалық жабдықтар мен жаңа дәрілік препараттардың жәрмеңкесі болды. Олар АИТВ-АИТС күресудің жаңа әдістерін таныстыру үшін таптырмас нәрсе болды.

Конференция қатысушыларының сөз сөйлеулері донорлық қанның қауіпсіздігі, есірткі тұтынушылар арасындағы АИТВ ауыруды талдау, АИТВ қызметіндегі ақпараттық электрондық жүйелер, Қарағанды облысының жүкті әйелдерінің арасындағы АИТВ-инфекциясы, облыстағы АИТВ және оппортунистикалық инфекциялардың қазіргі таңдағы диагностикасы. Сөз сөйлегендердің арасында – инфекциялық аурулар саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар болды.


0
20251

пікірлер

пікір қалдыру үшін.