Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

Үміт оты

29 Мамыр 2014

№1ішкі аурулар кафедрасының VII курс интерндері 20-мамырда  мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйінде іс-шаралар өткізді.

Балалар үйіндегі ата-ана мейірімінен айрылған, әртүрлі тағдырлы барлық балалар бұл өмірде қайырымдылық, жақсы адамдардың бар екендігін сезінуі керек.

  Бұл балалар өзін-өзі қорғай алмайды, олардың көбісі тағдыр талқысына ұшырап, отбасынан айрылған. Балалар үйіндегі барлық тәрбиеленушілер мектепке дейінгі 2,5-4 жастағы бүлдіршіндер.

Кездесу барысында балдырғандар ғажайып ертегілер әлеміне саяхат жасады, ертегідегі кейіпкерлермен кездесіп, қуанышқа бөленді.

  Әралуан ойындар, сайыстар жүргізіліп, оларға сыйлықтар таратылды.

  Мереке кезінде періштедей бүлдіршіндердің кіршіксіз ақ ниеттері бізге тайға таңба басқандай көрінді.

  Бұл үйдегі тағдыры және мінездері әртүрлі балалар өмір сүреді.

  Сондықтан олардың әрқайсысымен тіл табысып, бүлдіршіндер жүрегіне кілт таба біліп қана қоймай, қуаныш пен жылулық сыйлай білу керек. 

   Интерндердің тәлімгері  С.О.Жексембаева


0
19553

пікірлер

пікір қалдыру үшін.