Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ЖОО-ның кәсіптік бағдар берудегі жұмысы

ЖОО-ның кәсіптік бағдар берудегі жұмысы

10 Маусым 2014

Денсаулық сақтау мен медицина саласындағы жұмыс ерекшелігі  ЖОО-да оқыту мақсатында болашақ мамандарды таңдау жүргізгенде ерекше тіл табысуды талап етеді. Осыған орай, ҚММУ-де талапкерлермен жұмыс істеуде ерекше көңіл бөлінеді. ЖОО-ның кәсіптік бағдар берудегі жұмыс мақсаты жеке мінездеме мен еңбек қажеттіліктеріне сәйкес талапкерлердің кәсіби жеке таңдауынан тұрады.

Көктем айлары кәсіптік бағдар беру қызметінің мектеп және колледж білім алушыларымен жұмыс істеуге  бағытталған негізгі іс-шараларын өткізуде ең қолайлы кезең болып табылады.

ЖОО-ның кәсіптік қызмет беру қызметіндегі негізгі маңызды буындары Кіші ғылым академиясы аясында жоо қызметкерлерінің оқушылармен жұмысы болып табылады және оның нәтижелері дәстүрлі Қазақстан Республикасының Кіші ғылым академиясының Орталық–Қазақстан бөлімінің Аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын жүргізуімен бағаланады. Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қабырғасында 2014 жылы 3-4 сәуірде өткен 44-ші Аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында мектеп оқушылары кезекті рет өздерінің алғашқы жемістерін айқындады.

ҚММУ-дың «Жастардың Қазақстан Болашағы үшін Қозғалысы» Қоғамдық Бірлестігінің облыстық мұражайында жыл сайын өткізетін «Талапкер -2014» дәстүрлі көрмесіне қатысуы, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласының мектептері мен колледждерінің оқушыларымен тікелей тілдесуіне мүмкіндік береді.  Осы жылдың  2-3 сәуірінде өткен көрмеде ЖОО-ны мейірбике ісі, химия курсы бар фармацевтикалық пәндер, эпидемиология  және  коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, жалпы гигиена және экология, №1 және №2 балалар аурулары, №1 және №2 хирургиялық аурулар, фтизиатрия, ішкі аурулар №1, балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология курсы бар терапевтикалық стоматология, жедел және кідіріссіз медициналық көмек кафедраларының оқытушылары, сонымен қатар, ҚММУ медициналық колледждің  оқытушылары таныстырды.

Талапкерлермен белсенді жұмыс әдістерінің бірі Ашық есік күні. Барлық тілек білдірушілерге университет есігі 11- сәуірде ашылды. Деканаттардың  және ҚММУ медициналық колледжі өкілдері мамандықтарға қатысты, медицина қызметкерінің кәсібінің еркешеліктеріне, оқу үрдісін ұйымдастыру және басқа да көптеген сұрақтарды тереңінен ақпарат берді. Ұсынылатын  қабылдау комиссиясының өкілдерінен қонақтар жоо туралы шарттары және талаптары туралы мәлімет алды.

Ағымдағы оқу жылында оқушыларды анатомиялық мұражайда экскурсияға қабылдап, анатомия кафедрасы оқытушыларының медициналық кәсібінің ерекшеліктерін таныстыруда талапкерлерге көрсеткен баға жетпес көмектерін атап өту қажет.

Оқу – клиникалық орталығы талапкерлерге  виртуалды жаттықтырушылармен және жаттыққан қалыптармен танысуға, болашақ мамандығының әлемімен шынайы танысуына мүмкіндік берді. Виртуалды экскурсия барлық тілек білдірушілерге ЖОО-ның сайтында қолжетімді.

 ЖОО түсу емтихандарына дайындығын, сонымен қатар  алғашқы дайындық курстарын мұғалімдер жүзеге асырады.

Сонымен қатар талапкерлер ЖОО-ның сайтынан, баспа бетіндегі жарнамалық өнімді,  тұтынушыларды қызықтыратын сұрақтарды мамандардың көмегі арқылы телефон, электронды пошта, ректордың виртуалды қабылдауы, деканаттар, қабылдау комиссиясы  арқылы  ақпараттық қолдауды ала алады.

Осы жылы дәстүрлі кәсіптік бағдар беруден тыс іс –шаралар,  мектеп оқушыларымен университетті таныстыру олимпиадаларды, дебаттар және басқа да көптеген іс - шаралар  университет күніне орай өткізілді.

ЖОО-ның  Кәсіптік бағдар беру  қызметінің маңызды кезеңі болашақ  кәсібі мен жоғары оқу орнын саналы түрде таңдаған  ынталандырылған  талапкерлерді оқу тарту болып табылады.

0
20422

пікірлер

пікір қалдыру үшін.