Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының шығармашылық қарымы және ғылыми жетістіктері

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының шығармашылық қарымы және ғылыми жетістіктері

10 Маусым 2014

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының шығармашылық қарымы және ғылыми жетістіктері.

20-23 мамыр аралығында Мәскеуде: «Ғылым және білімнің көкейкесті сұрақтары», «Медициналық жаңашыл технологиялар», «Ғылыми-педагогикалық кадрларды халықаралық аттестаттау жүйесі»3-ші Халықаралық ғылыми конференциясы аумағында Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) жоғары марапаттау рәсімі өтті. Форумға қатысушылар саны 290 адам болды және 50 баяндама тындалды.

«Отандық ғылымның алтын қоры» РЖА Ұлттық бағдарламасына сайжәне «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумы» марапаттары бойынша комиссияның шешіміне сәйкес ҚММУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Бегайдарова Розалия Хасанқызы «Жоғарғы білім беруде жаңашылдық еңбегі үшін» алтын медалін салтанатты түрде табыс етуге және РЖА академигі ғылыми атағын алу үшін сайысқа қатысуға ресми шақыру алды. РЖА академигі ғылыми атағын иемдену екі кезеңде өтті:

1. Ізденушінің өзінің ғылыми қызметі жайлы есеп беруі;

2. Жасырын дауыс беру.

Содан соң профессор Бегайдарова Розалия Хасанқызына№7387 нөмірімен 2014 жылдың21 мамырында «Жаратылыстану академиясының белсенді мүшесі»  дипломы мен медалі берілді.

  Марапаттау құжаттарын салтанатты табыс ету мед.ғылымдарының докторы, профессор, РЖА академигі  М.Ю.Ледвановтың, мед. ғылымдарының  докторы, профессор, РЖА академигі М.Б.Султонованың және  пед. ғылымдарының докторы, РЖА корр. мүшесі Е.В.Быстрицкаяның төрағалығымен өтті.

  Медициналық жаңашыл технологияларға арналған конференцияда мед.ғылымдарының докторы, профессор Р.Х. Бегайдарова ҚММУ-де енгізілген студенттерді заманауи-жаңашыл оқыту тәсілдерімен бөлісті, «Балалар жұқпалы аурулар кафедрасында енгізілген белсенді оқыту тәсілдері (CBL) тәжірибесі» жайында өзіндік баяндамасын таныстырды. Баяндаушыға қойылған сұрақтар саны және баяндама соңындағы талқылау оқу процесіне берілген жаңартпаларды енгізудің керектігін және маңыздылығын тағы да растады.

  ХХІ халықаралық оқу-әдістемелік басылымдардың көрме-таныстыруында кафедра қызметкерлерінің екі әдістемелік ұсыныстары таныстырылды: «Лямблиоздың  клиникалық-зертханалық  диагностикасы және заманауи емі» авторлары Р.Х.Бегайдарова, Г.Е. Насакаеважәне «Паротиттік инфекция» авторы Х.Г. Девдариани.


  Әдістемелік ұсыныстар авторларын форум төралқасы атап көрсетуімен «Бүкілресейлік көрменің үздік оқу-әдістемелік басылым лауреаты» дипломдарымен марапатталды. Берілген әдістемелік ұсыныстар өзінің маңыздылығы үшін «Отандық ғылымның алтын қорына» енгізілді.

«Қолданбалы және іргелі зерттемелер» бойынша өтіп жатқан конференцияға байланысты шығарылған 2014ж., №6 Халықаралық журналында жарияланған мақалалар: «Балалар жұқпалы аурулары кафедрасында  оқу үдерісіне белсенді оқыту әдістері (CBL)» авторлары – Р.Х. Бегайдарова, Ю.Г. Стариков, Г.К. Алшынбекова, Х.Г. Девдариани, А.Е. Дюсембаева, Г.Е. Насакаева, О.А. Золотарева; «Паротиттік инфекция» - Х.Г. Девдариани, «Лямблиоздың клиникалық-зертханалық диагностикасы және заманауи емі» Р.Х.Бегайдарова, Г.Е. Насакаева.

  Халықаралық ғылыми конференцияның қорытындысында Р.Х.Бегайдарова, Г.Е. Насакаева және Х.Г. Девдариани «Халықаралық оқу-әдістемелік басылым көрме-таныстыруының қатысушысы» сертификатымен марапатталды, ал балалар жұқпалы ауруларының көкейкесті мәселелерін шешуге бет бұрған Р.Х. Бегайдарова жоғары кәсіби біліктілігі менинфектология қызметіне қосқан зор үлесі үшін жалпы халықтық мойындауғаие болды.


  Конференция өкілдері Қарағанды қаласына қайтып келгеннен кейін облыстық инфекционисттер қоғамында өткен форум материалдарымен балалар инфектологиясының мәселелері және болашағымен толықтай таныстырды. Ал өз кезегінде кафедра қызметкерлері және Қарағанды қаласының облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының әріптестері мойындалған еңбектері және жоғары марапаттары үшін шың жүректен құттықтап, оларға болашақта шығармашылық табыстар және зор денсаулық тіледі.


0
20717

пікірлер

пікір қалдыру үшін.