Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«І жазғы студенттік микробиологтар мектебі»

«І жазғы студенттік микробиологтар мектебі»

02 Шілде 2014

ҚММУ-ң микробиология кафедрасында 2014 жылдың 23-26 маусым айында  І жазғы студенттік микробиологтар мектебі (ЖСММ) өтті, ұйымдастырып басшылық еткен кафедраның меңгерушісі доцент С.Б. Ахметова және доцент  Л.Г. Филатова.

І жазғы студенттік микробиологтар мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина», «Ветеринарлық медицина» мамандықтары бойынша Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің, Астана медицина университетінің, Астана қаласының С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері мен магистранттары және біздің университеттің микробиология кафедрасының үйірмесіне қатысатын студенттер қатысты.

Сабақтар қазіргі кездегі микробиологияның өзекті аспектілеріне қатысты болды:

1.  Микроағзалардың биотүрлігі және пайда болуы эволюциясы. Ауру тудыратын бактериялар және вирустар.

2.  Микроағзалардың физиологиясы және биохимиясы.

3.  Микроб биотехнологиясы.

4.  Қазіргі кездегі антибиотикке тұрақты госпитальді штамдардың қалыптасуының негізгі механизмдері мен оларды емдеу жолдары.

5.  Жұқпалы аурулардың зертханалық диагностикасында қолданылатын қазіргі кездегі молекулярлық-генетикалық әдістер мен генетикалық маркерлер.

6.  Дисбактериоз: қиял және шынайылық?

7.  Биоматериалдарды жоюдың заманауи әдістері.

8.  Виртуалды ПТР-зертхана.

Дәрістерді, презентацияларды, семинарлық сабақтарды кафедраның оқытушылары жүргізді: профессор И.С. Азизов, доценттер С.Б. Ахметова, Л.Г.Филатова, Г.А.Абдулина, И.В.Лосева.

І жазғы студенттік микробиологтар мектебінің аудиториялық сабақтар барысында Қарағанды қ. Облыстық Қан Орталығы ҚМКК, ҚММУ-ң ғылыми зерттеу орталығы Ұжымдық пайдалану зертханасына, «Natige» ЖШС сүт комбинатының микробиологиялық зертханасына экскурсиямен жалғасты.  

Қорытынды сабақ «Медик» (Топар к.) демалыс орнында, студенттердің ғылыми жұмыстарына таныстыру өткізілді. Бірінші дәрежелі диплом «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері У. Қыдырбаева, Ж.Қуанышева, А.Құрманқұлова, Л.Цойдың «Изучение микробного пейзажа кисломолочных продуктов функционального питания на этапе их реализации в торговой сети» атты ұжымдық жұмысы иеленді.   

Магистрант Н.Покровская «Влияние фитопрепаратов на возбудителей трихофитии животных» атты жұмысымен екінші дәрежелі дипломды иеленді.  

Ф.Нұрымбетова, Ж.Сейткерім, Б.Ендiбай, А.Бахтияр «Влияние коррекции зрения на микробный пейзаж конъюнктивы глаза  у лиц с миопией» атты ғылыми жұмысымен үшінші дәрежелі дипломды иеленді.  

Тәжірибелік сабақтардан басқа  І жазғы студенттік микробиологтар мектебінің тыңдаушыларына мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды: ҚММУ-ң мұражайына, университеттің корпустарына, Облыстық өлкетану мұражайына, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына (Карлаг) экскурсияға барды. 

Сабақтар қызу, барлық баяндамалар мен презентациялар белсенді талқылаумен өтті, ҚР басқа жоғарғы оқу орнынан келген студенттермен біздің студенттер тәжірибемен  алмасты.   

Авторлар: Микробиология каф. меңг., доцент С.Б. Ахметова

доцент Л.Г. Филатова

оқытушы Г.А. Назаренко


0
21354

пікірлер

пікір қалдыру үшін.