Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық фестивалі

Денсаулық фестивалі

10 Қыркүйек 2014

Қыркүйектің алғашқы сенбісі Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университінің студенттері үшін өте маңызды болды. Аз уақытта сүйікті alma mater-де қатарынан екі мереке өтті: «Денсаулық фестивалі 2014» және бірінші курс студенттеріне арналған спорттық-интеллектуалдық «Жол ашар» викторинасы.

Студенттердің денсаулығы үшін дене шынықтырудың маңызын ескере отырып, тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастырушылық қолдауының арқасында, ҚММУ-де жыл сайын өткізілетін «Денсаулық фестивалі» нағыз мейрамға  айналды.

Мерекенің мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салты мәдениетін көпшілікке таратып қалыптастыру, өзінің денсаулығы үшін физикалық белсенділік пен жауапкершілікті насихаттау.

Медицина колледжінің оқушылары «Қарағанды арена» Мұз айдынында

қалалық фестивалінде қатысып жүргенде, университет студенттері саптарын тік түзеп ҚММУ алаңын толтырды. Осы күні бас корпус алаңында студенттер лық тола жиналды, «Денсаулық фестивалін» ҚММУ қол жая қарсы алды. Кездейсоқ адамдар, алыстан елеңдететін әрекеттерді көріп, жақынырақ келіп, аса масаттанушылықпен жұмыла студенттердің спорт жаттығуларын орындағандарына қарады.

Мереке оқыту-әдістемелік және тәрбие беру ісі проректоры В.Б. Молотов-Лучанскийдің құттықтау сөзінен басталды. Барлық келушілерді мерекемен құттықтап, Вилен Борисович барлығына спортқа жақын, күнделікті белсенділікті тіледі. 

Одан кейін, жиналған қауым алдында заманауи және көше биден облыстық жеңімпаздар «Би жұлдызы – 2013» би тобы «Yes Team» өзінің тартымды биін орындады. Биден кейін негізгі әрекет басталды. Жарты мыңдай студент, бойжеткендер мен жас жеткіншіктер тәжірибелі жүргізуші, физикалық тәрбие беру кафедрасының аға оқытушысы Тимершин Ринат Борисовичтің бастауымен физикалық жаттығуларын әуеннің демеуімен жасады. Қатысушылардың айтуы бойынша, барлығы сергектік пен жақсы көңіл-күйдің үлкен қуатына қандырған күн болды.

Сүлейменов Мадияр

ҚММУ Студенттік өзін-өзі басқару комитетінің

Ақпараттық секторы


0
20595

пікірлер

пікір қалдыру үшін.