Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ақ халаттағы» автопоезд

«Ақ халаттағы» автопоезд

03 Қазан 2014

Қазақстандықтардың денсаулығыел игілігінің ең дұрыс кепілі, бұлжымас индикаторы. Бұл – еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсеткен мемлекеттік әлеуметтік саясатты түсінудің басты аспектілерінің бірі. Сол себепті, мемлекет медициналық көмектің қолжетімділігіне және сапасына, оның ішінде ауыл тұрғындарына, әсіресе шалғайда орналасқан жерлерге ерекше көңіл бөледі. Халықтың 40% артығы ауылдық жерлерде тұратындықтан, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету сұрағы ең алдымен ауылдықтар үшін маңызды мағына бермек. Аудандық және облыстық медициналық ұйымдарға бармай-ақ, білікті дәрігерлерден тексерістен өту және ем қабылдау – ауыл тұрғындарына осындай «Жылжымалы емхана» арнайы жылжымалы медициналық кешен түріндегі көмек арқылы жүзеге асырылады, Қарағанды аумағында осындай 4 кешен бар. Бұл жаңа әлеуметтік жоба ауылдықтардың құрметіне ие болды.

«Жылжымалы емхана» – жылжымалы медициналық кешен – ұзындығы 20 метр, екі емханалық модулден тұратын, рентгенологиялық және стоматологиялық кабинеттермен, УДЗ кабинетімен, химиялық және гематологиялық анализдер зертханасымен, заманауи құрылғылары бар тар шеңбердегі мамандардың кабинетімен жасақталған КамАЗ жетегіндегі тұтастай автопоезд.

ҚММУ медициналық мамандарынан жиналған кешенді бригадасы бар мұндай«Ақ халатты» автопоезд қатарынан үш жаз Қарағанды аумағы Осакаровка, Нұра, Бұхар-Жырау аудандарының ең шалғай орналасқан ауылдарын аралайды.

Таңнын ерте атысынан ауылдықтар«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының ашық түсті логотипі бар үлкен көлікке асығады. Мұнда біздің университеттің кандидат дәрігерлері, медицина ғылымдарының докторлары, доценттер, кафедра меңгерушілері, ассистенттері жұмыс істейді. Қабылдауды терапевт, кардиолог, педиатр, фтизиатр, офтальмолог, оториноларинголог, акушер-гинеколог, хирург, невропатолог, сәулелі диагностика дәрігері, дәрігер-зертханашы жүргізеді.

ҚММУ дәрігерлерін барлық жерде тағатсыздана күтеді, себебі, ауылдан шықпай-ақ, ауыл тұрғындары кешенді тексерістен өтуге және жоғары білікті мамандардан ем бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндігін алды. Ауылдықтардың көбісі бірнеше жылдан бері дәрігерде болмаған, себебі бұл үшін Қарағанды не Астананың клиникаларына немесе аудандық орталық ауруханаларға бару керек. Ал шалғай ауылдан қалаға шығу – әжептәуірқиын мәселе...

Дәрігер-кардиолог, медицинағылымдарының кандидаты,доцент Қуатбек Төлеубеков жәнедәрігер-терапевт, медицинағылымдарының кандидаты,доцент Серік Шуақбаевмаған «Жоқ, жоқ» деп қайталай берген ауылдықтарды әкелді.

– Қалқанша без бен бүйректі УДЗ-де қарау керек, алемделушібас тартады…

60 жасар Серікбай дегеншағын ауыл тұрғыны, ол жерде тіпті медициналық пункт та жоқ, ал медбике тұратын көрші ауыл осыдан40 км жерде, стоматологтан басқа ешбір дәрігерге бармаған. УДЗ не екенін білмейді, ал ең бастысы, мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білмейді, қорқақтанады, сондықтан да бас тартады, УДЗ-нің пайдасы туралы айтқан менің барлық дәлелдерімді ауыл тұрғыныұяла мойындады.

УДЗ-гебірге бардық. Нәтижесінде бірнеше дәрігерлердің кеңесін талап етті. Айқындалған патология тиянақты емдеуді қажет етеді, сондықтан Серікбай қалалық клиникада емді әрі қарай жалғастыруға Нұра ауданы орталық ауруханасына жолдама алды.

ЖМК талаптарындағы заманауи кәсіби мүмкіндіктер спектрі тұрғындардың жас топтарына жоспарлы скринингтік тексерістен өтуге толық көлемде мүмкіндік береді және қан айналу жүйесі ауруларын, қант диабетін, глаукома, жатыр мойны, сүт бездерінің рак алды жағдайларын, тік ішек патологиясы жәнетік ішектің жаңадан пайда болуын уақытылыайқындайды, балаларда диспансерлік жәнеүлкендерде аурудың созылмалы түрін тексерудіжүзеге асыруға, қосымша диагностикалық көмек көрсетуге мүмкіндік бар.

− «Саламатты Қазақстан» денсаулық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы идеясына толыққанды жауап  беретін, денсаулық сақтаудың өз емделушілеріне жоғары деңгейде жақындауы, әр қазақстандық үшін, тіпті алыс ауылдық жерлерге де қолжетімді медицина – міне осы. Біз үшін және біздің қызметтестер үшін бұл – тәжірибелік және ақпараттық жоспар тұрғысынан да өте үлкен көмек, − деп ауыл дәрігері Василий Батищев өзінің алған әсерімен ой бөлісті, Сұңқар, Николаевск, Шыңкыркөл селолық округтері, Осакаровка ауданы Уызбай және Садовойселолық округіндегі жалғыз дәрігер.

ҚММУ мамандарының арқасында үш жыл ішінде Қарағанды облысыОсакаровка, Нұра және Бұхар-Жырау аудандарының шалғай ауылдарында 54507 тұрғын қаралды, оның ішінде19509 – балалар. Скринингтік тексеруден 17557 ауылдықтар өтті, кеңес беру-диагностикалық қабылдауда 17443 адам болды.

Тіптен өтіп кеткен жәнедәл уақытында емдеуге келетінерте кезеңдегі түрлі аурулар дың көптеген жағдайлары анықталды.Емделушілердің бірі Қарағандының клиникаларына, кейбірі аудандық орталық ауруханаларға жолдама алды, біреулерге ФАП жәнеДА-даем тағайындады.

Жергілікті дәрігердің өтінішімен ҚММУ медициналық мамандары Осакаровка ауданы бойынша поезде Пионерск және Литвиновск балалар үйінің бүлдіршіндеріне көмек көрсетті. Балалар үйінің бүлдіршіндерін медициналық тексеру ЖМК жоспарына кірмесе де, кешкілік, ауылдықтарды қабылдап болған соң, ҚММУ дәрігерлері балалар үйіне келіп, сәбилерді тексерді.

Бәрінен де, әрине, педиатрлардың жұмысы шексіз болды, осы салада жұмыс істегендер медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Алмагүл Күзгібекова және балалараурулары кафедрасы ассистенті Гүлмира Серікова. Түрлі патологияға кеңес беруге топ қызметкерлері көмектесті. Барлық балаларға ҚЖА және ЗЖА жасалды. Стоматологиялық көмекке зәру болғандарға өткен жылы мынадай көмек көрсетілді: біреудің тісін жұлды, біреудің кариесін емдеді.Тәрбиешілер өтінген қиын балалармен психолог жұмыс істеді. Тиянақты медициналық көмекті қажет еткен балалар Қарағандыға кафедра қызметкерлеріне жіберілді.

Осындай игі істер ҚММУ дәрігерлерінің қолдарынан келеді және ол туралы жар салып айтпайды, себебі көмек бере алу, бірге уайымдау, күйзелу, сезіну – осындай жеке қасиеттерсіз бірде-бір жан дәрігер бола алмайды.

Медициналық топтың кез-келген маманына үлкен көлемде жүк түсті. Алкісілердің көңіл-күйлері, аурулары медициналық одақ өкілдерін ешқашан толғандыртпай қойған емес. Бірақ,поезда бірін-бірі кезекпен алмастырған мамандардың әрқайсысы, ең алдымен, ауылдықтарға қалай кәсібижолмен көмектесуге болатынын ойлайды.

Денсаулық еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.ҚММУ ЖМК қатысушылары бұл жөнінде біледі және ауылдықтарға дендерінің сау болуына көмектеседі, оларды өз денсаулықтарына тікелей жауапты екендеріне үйретеді.


0
20425

пікірлер

пікір қалдыру үшін.